"2007/2008 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 461 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 22 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4974 болып енгізілді.

        "2007/2008 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"2007/2008 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы  N 306  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4765 тіркелген, "Заң газеті" баспасының 2007 жылғы 13 шілдедегі N 106 (1135) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен 2-қосымшаға сәйкес 2007/2008 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлісінде кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      "Магистратураға қабылдау" деген кестенің:
      "1. Білім" деген бөлімде:

6N0103

Педагогика және психология

65

      деген жолда "65" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын;

6N0105

Дефектология

7

      деген жолда "7" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "6. Жаратылыстану ғылымдары" деген бөлімде:

6N0605

Ядролық физика

18

      деген жолда "18" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;

6N0608

Экология

65

      деген жолда "65" деген сан "72" деген санмен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасындағы "Магистратураға қабылдау" кестесі көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына жазылсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін
      атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады