"Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерге, материалдық запастарға, ақшаларға, есеп айырысуларға және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылы 23 шілдедегі N 335 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 489 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5110 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 Бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.08.22 N 423 Бұйрығымен (2013.01.01 бастап қолданысқа енеді).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерге, материалдық запастарға, ақшаларға, есеп айырысуларға және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 23 шілдедегі N 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 621 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасы 1998 жылы жеке ресми басылым етіп жариялаған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыпта және мәтінде:
      "Қазақстан Республикасының республикалық" деген сөздер "Республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "ұйымдарында" деген сөз "мемлекеттік мекемелерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдарында активтерге, материалдық запастарға, ақшаларға, есеп айырысуларға және басқа да баланс баптарына түгендеме жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулықта:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының республикалық" деген сөздер "Республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      48-тармақтың бірінші абзацын қоспағанда, "Бюджеттік ұйымдар", "бюджеттік ұйымдардың", "бюджеттік ұйым", "бюджеттік ұйымды", "бюджеттік ұйымдарды", "Бюджет ұйымының", "бюджеттік ұйымның", "бюджеттік ұйымдарда", "бюджеттік ұйымнан", "бюджеттік ұйымдарға", "бюджеттік ұйымдардағы", "ұйымдарда", "ұйымдар", "ұйымдарға", "ұйымның" деген сөздер "Мемлекеттік мекемелер", "мемлекеттік мекемелердің", "мемлекеттік мекеме", "мемлекеттік мекемені", "мемлекеттік мекемелерді", "Мемлекеттік мекеменің", "мемлекеттік мекеменің", "мемлекеттік мекемелерде", "мемлекеттік мекемеден", "мемлекеттік мекемелерге", "мемлекеттік мекемелердегі", "мемлекеттік мекемелерде", "мемлекеттік мекемелер", "мемлекеттік мекемелерге", "мемлекеттік мекеменің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Жарлығына" деген сөздер "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы материалдық құндылықтарды, бюджеттік шоттардағы, мемлекеттік мекемелердің тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер және олар бойынша жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік  және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), бірінші талап ету бойынша немесе қандайда бір мерзімнен кейін толық немесе бөліктермен, алдын ала келісілген үстемақымен немесе онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуі тиістілігіне қарамай атаулы мәнде оларды қайтарымды шартта мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңды тұлға беретін ақша бойынша (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалардың уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сі) операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасында операцияларды жүргізуге арналған шетел валютасындағы шоттардағы (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар) және бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарындағы (бұдан әрі - сыртқы заемдар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) қаражатты, дебиторлық және кредиторлық берешекті және басқа да баланс баптарын есепке алудың дұрыстығын тексеру.";

      4-тармақта:
      үшінші абзацтағы "бухгалтерлік" деген сөз алынып тасталсын;
      жетінші абзац "біріктірген" деген сөзден кейін ", бөлген, бөлініп шыққан және қайта құрған" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттік шоттар, ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ, жеке және заңды тұлғалардың уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сі, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы заемдар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары бойынша қаражаттың қозғалысын қазынашылықтың аумақтық органдарының есепті нысандарын және қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің үзінді жазбаларды алу шамасына қарай;";
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды - тоқсанына кемінде бір рет;";
      он бесінші абзац алынып тасталсын;

      10 және 13-тармақтарда абзацтарды сызықшамен белгілеу алынып тасталсын;

      25-тармақтың екінші абзацындағы "есептеу" деген сөз "бухгалтерлік есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Пайдалануға жарамайтын және қалпына келтіруге жатпайтын активтерге осы объектілерді пайдалануға беру уақыты және жарамсыз болуына әкеп соқтырған себептер (тозғаны, толық жарамай қалғаны тағы сол сияқты) көрсетіле отырып жеке тізімдеме жасалады.
      Мұндай объектілерді есептен шығару белгіленген тәртіппен жүргізіледі:
      республикалық меншіктегі - аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің рұқсаты бойынша;
      коммуналдық меншіктегі - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның рұқсаты бойынша.";

      42-тармақтың екінші абзацындағы "есепті тізілімдерден" деген сөздер "бухгалтерлік есеп тіркелімдерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;

      54-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кассаны тексеру және кассалық тәртіптің сақталуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесіне сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1135 болып тіркелген).";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "58. Бюджеттік шоттарда, ақылы қызметтер бойынша ҚБШ-де, қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ-сінде, жеке және заңды тұлғалардың уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сінде, шетел валютасындағы шоттарда, сыртқы заемдар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында қаражаттарды түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтерінің деректері бойынша тиісті шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың аумақтық органдарының есепті нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің үзінді жазбаларымен салыстыру жолымен жүргізіледі.";

      59-тармақтың бірінші абзацындағы "есептемелерді тіркеу есепке алу тіркемелеріндегі" деген сөздер "есеп айырысуларды түгендеу бухгалтерлік есеп тіркелімдеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65-тармақтағы "тіркеу есептерінде", "тіркелімдер" деген сөздер тиісінше "бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде", "бухгалтерлік есеп тіркелімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69-тармақтағы "ашық лимиттердің" деген сөздер "рұқсаттардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      71 -тармақтың екінші абзацындағы "арнаулы қаражаттар бойынша" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      74-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесіне сәйкес жылдық есепке түсіндірме жазбада жүргізілген түгендеу туралы деректер көрсетілуі қажет.";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаларда:
      қосымшалардың мәтіні бойынша "бюджеттік ұйым", "бюджеттік ұйымның", "тексерілген ұйымның", "ұйымның" деген сөздер "мемлекеттік мекеме", "мемлекеттік мекеменің", "тексерілетін мемлекеттік мекеменің", "мемлекеттік ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбековке) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады