Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 657 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5116 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.02.21 № 57 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесі бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжат айналымы департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
міндетін атқарушының      
2007 жылғы»26 желтоқсандағы   
N 657 бұйрығымен       
бекітілген          

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық орналастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабы  35) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурсты (бұдан әрі - конкурс) бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - ұйымдар) ұйымдастырады және өткізеді.

      3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қажетті бейін бойынша білімі, кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестігі негізгі талаптар болып табылады.

      4. Біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, уәкілетті мекеме бекітеді.

  2. Түсу тәртібі

      5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурстық негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары қызметіне қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурс бойынша қабылдау үшін конкурстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) оң қорытындысы негіз болып табылады.
      Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындалу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  31-бабында көзделген құжаттарды ұйымға ұсынады.

      7. Ұйым басшысының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары қызметі лауазымына өтініш берушіні тағайындау үшін ұсынымды қарау, келісу, оған енгізу рәсімі ұйымның ішкі актілерімен белгіленеді.

      8. Мемлекеттік орта білім беру ұйымының басшылары қызметі лауазымына тағайындау тұлғаның тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі шартымен жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары оның жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары арасында келісімі бойынша басқа ұйымға жұмысқа ауыстырылу тәртібімен тағайындалуы мүмкін.

  3. Конкурсты өткізу тәртібі

      10. Ұйымда Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары қызметі бос лауазымы болған жағдайда тиісті ұйым құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын жергілікті басылымдарда (қалалық, аудандық, облыстық) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      11. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын
күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азаматтар конкурсқа
қатысушылар болып табылады.

      12. Комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары қызметіне бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі - кандидаттар) болып табылады.

      13. Комиссия алқалы орган болып табылады. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс.

      14. Комиссия төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады.

      15. Конкурс өткізу жөніндегі комиссияның құрамына олармен келісім бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.

      16. Ұйым:
      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;
      3) ұйымның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді;
      4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
      5) комиссияны қалыптастырады және өз ұйымының өкілдері қатарынан комиссия төрағасын тағайындайды;
      6) комиссия отырысын ұйымдастырады.

      17. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
      1) бос лауазымының атауы;
      2) ұйымның орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары;
      4) құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты.
      Хабарландыруда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпарат қамтылуы мүмкін.

      18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе почта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
      6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжатты.
      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
      Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.

      19. Конкурс мына кезеңдерден тұрады:
      1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
      2) кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;
      3) конкурстың қорытындыларын шығару.

      20. Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді.

      21. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес мәніне бағалаудың нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды.

      22. Ұйым үш жұмыс күні ішінде:
      біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды - оларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
      біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды - әңгімелесуге жіберілмеу себебі туралы хабарландырады.

      23. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу жүргізген кезде кандидаттардың осы лауазымға функционалдық міндеттерді орындауына қажетті кәсіби білімдері анықталады.

      24. Комиссия отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шартымен өткізіледі.

      25. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешім кандидаттың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен бір күн ішінде қабылданады.

      26. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      27. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесінің жазбаша түрде баяндалуға және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар.

      28. Комиссияның шешімі төраға мен комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      29. Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.

      30. Комиссия конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңімпазын азаматтық қызметші лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешімін енгізеді.

      31. Егер конкурс нәтижесінде комиссия осы лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаған болса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      32. Комиссияның оң қорытындысына ие болған кандидатпен ұйымның басшысы азаматтық қызметші таныстырылуы тиіс еңбек шартын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы акт шығарады.

  4. Қорытынды ережелер

      33. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныса алады.

      34. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымдана алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады