"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N№А-5/152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/21 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 12 ақпанда N 3213 тіркелді.

«     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қаңтардағы  Заңына  сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N№А-5/152, Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N№3132 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 2 маусымда жарияланған  қаулысына , "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N№А-5/152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N№А-12/357 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есепке алына отырып (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 07 желтоқсанда N№3164 болып тіркелген, N№150 "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі:
      ", 2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 3С-9-4 шешімінің негізінде" сөздері алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесінде:
      2-тармақтың:
      3-тармақшасы жаңа редакцияда берілсін:
      3) "еңбек ардагерлеріне";
      4-тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысы әкімінiң м.а.         

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады