Біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N А-6/195 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 18 маусымда N 3227 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсанда № А-13/655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.12.2012 № А-13/655 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексінің 21-бабы 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 27-бабы, 1-тармағындағы 22-2) тармақшасына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету Ережелер бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Ақмола облысы әкімдігінің
      2007 жылғы 5 маусымдағы
      N A-6/195 қаулысымен
      бекітілді       

Біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету
Ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету Ережелер (бұдан әрі - Ережелер) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 21-бабы 4-тармағын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы, 1-тармағындағы 22-2) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Ақмола облысы аумағында біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтайды және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етеді.
      2. Біржолғы талондар беру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469  бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 қарашада N 1685 болып тіркелген) Біржолғы талондар беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      3. Көкшетау және Степногорск қалалары мен аудан орталықтарында біржолғы талондар беруді және оны өткізуден түсетін сомаларды жинауды Көкшетау және Степногорск қалалары мен аудан орталықтарындағы қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - өкілетті органдар) қызметкерлері жүзеге асырады.
      Ауылдық елді мекендердегі біржолғы талондар беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың жиналуын өкілетті органдар немесе тиісті кент, село, ауылдық (селолық) округ әкімдері ұйымдастырады.
      Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдары қажет болған жағдайда біржолғы талондар беру және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомаларды жинау үшін өкілетті органдарға бағынышты мемлекеттік мекемелер құра алады.
      4. Өкілетті органдар, (мемлекеттік мекемелер және (немесе) тиісті кент, село, ауыл (селолық) округтер әкімдері) жыл сайын аумақтық салық органдарына есептік жылдың алдындағы 1 желтоқсаннан кешіктірмей біржолғы талон бланкілеріне қажеттілік туралы өтінім жолдайды.
      5. Өкілетті органдардың (мемлекеттік мекемелер және (немесе) тиісті кент, село, ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының) қызметкерлері  заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша:
      біржолғы талондар беру мен толтыруды;
      біржолғы талондарды (беру) өткізуден түсетін сомаларды жинауды;
      біржолғы талондар беруді (алуды) тіркеу Журналында біржолғы талондарды есебін жүргізуді жүзеге асырады.
      6. Өкілетті органдар (мемлекеттік мекемелер және (немесе) тиісті кент, село, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері) заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша:
      талондардың және біржолғы талон түбіртектерінің дұрыс толтырылуын;
      біржолғы талон түбіртектерінің сақталуын;
      біржолғы талондар беруді (алуды) тіркеу Журналында біржолғы талондарды есепке алудың дұрыс жүргізілуін;
      ай сайын белгіленген нысан бойынша салық органдарына ақпарат тапсыруды қамтамасыз етеді.
      7. Өкілетті органдар немесе тиісті кент, село, ауылдық (селолық) округ әкімдері:
      салық төлеушілер үшін біржолғы талондар алу мәселелері бойынша;
      біржолғы талондар мен ақша қаражатының сақталуы жағынан біржолғы талондар беруді және біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомаларды жинауды жүзеге асыратын қызметкерлер үшін жағдай жасайды.
      8. Өкілетті органдар Көкшетау және Степногорск қалалары мен аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелердің және (немесе) тиісті кент, село, ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің біржолғы талондар беру жөніндегі қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      9.«"Ақмола облысының қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі өкілетті органдардың біржолғы талондар беру жөніндегі қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.   

3. Біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      10. "Ақмола облысының қаржы департаменті"»мемлекеттік мекемесі мен өкілетті органдар біржолғы талондарды өткізуден түскен сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етеді.
      11. Осы Ережелердің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес өкілетті органдар ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей "Ақмола облысы қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесіне біржолғы талондарды өткізуден (беруден) тиісті аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне аударылған сомалар туралы ақпараттар тапсырып отырады.
      12. Осы Ережелердің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес "Ақмола облысы қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі біржолғы талондарды өткізуден түсетін сомалардың толық жиналуын қамтамасыз ету мақсаттарында есептік айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей біржолғы талондарды өткізуден бюджетке түскен аударылымдар жөнінде "Ақмола облысы бойынша салық комитеті"»мемлекеттік мекемесімен салыстыру жүргізіп отырады.  

4. Жауапкершілік

      13. Қолданыстағы заңнама мен осы Ережелердің біржолғы талон беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарын бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.  

Біржолғы талондар беру  
      жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
      және біржолғы талондарды
      өткізуден түсетін сомалардың
      толық жиналуын қамтамасыз
      ету Ережелеріне    
      1 қосымша       

"____" _______________ 200__ ж.
__________________________________ біржолғы талондар
(аудан, Көкшетау және Степногорск қалалары)
өткізуден түскен және бюджетке аударылған сомалар туралы ақпарат 

Біржолғы талон түрлері

Берілген біржолғы талонның саны

Біржолғы талондар бойынша түсті (теңге)

оның ішінде, бюджетке аударылды   (теңге)

Кассадағы қалдық


жыл басынан бері

есептік айда

жыл басынан бері

есептік айда

жыл басынан бері

есептік айда

1

3

4

5

6

7

8

9









   _______________________ ауданы,
(Көкшетау немесе Степногорск қаласы)
өкілетті органының
Басшысы                         ____________  Т.А.Ә.
                                 (қолы, мөр)

Біржолғы талондар беру    
      жөніндегі жұмысты ұйымдастыру 
      және біржолғы талондарды өткізуден
      түсетін сомалардың толық   
      жиналуын қамтамасыз ету    
      Ережелеріне          
      2-қосымша           

Біржолғы талондарды өткізуден бюджетке түскен түсімдер бойынша салыстыру актісі

Аудандар, Көкшетау 
және Степногорск қалалары

Біржолғы талондарды өткізуден бюджетке түскен түсімдер

      Айырмашылық


салық комитетінің деректері
бойынша

қаржы департаментінің деректері бойынша

1

2

3

4





Барлығы




     Ақмола облысы қаржы
департаментінің директоры  ___________     ___________
                             (қолы)         (Т.А.Ә.)

М.О.
Күні "___"_________200__ж.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Ақмола облысы бойынша
салық комитетінің төрағасы ___________   ______________ 
                             (қолы)         (Т.А.Ә.)

М.О.

Күні"___"_________200__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады