Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" N 836 қаулысын орындау, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1100 жұмыссыз азаматтар үшін жекелеген ұйымдардың разрезінде қалалық бюджет қаражатынан қаржыландыратын 2007 жылға арналған үш айдан алты ай мерзімге дейін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қоса берілген іс-шаралар бекітілсін.
2. Бекітілген қоғамдық жұмыстарды тәртіп бойынша өткізу үшін қалалық мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
3. Қалалық мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарына қоғамдық жұмыстарға орналасқан кейбір азаматтарға (әйелдер, 18 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер) жұмыс істеген уақыты мен көлеміне толық ақы төлей отырып, жұмыс уақытын ұйымдастырудың өзге де икемді түрлерін қарастыру ұсынылсын.
4. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде ұйымдардың өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
5. "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 32278000 (отыз екі миллион екі жүз жетпіс сегіз мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
6. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 13 ақпанында N 1-1-38 болып тіркелген 2006 жылғы 18 қаңтардағы "2006 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N А-1/80 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.
Қала әкімі
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2007 жылы Көкшетау қаласында
ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
2007 жылғы 25.01 N А-1/79
қаулысымен бекітілген
2007 жылы Көкшетау қаласында ақылы жұмыстарды өткізу бойынша іс-шаралар
N |
Ұйымдар |
Жұмыстың түрлері және көлемі |
Адамдар саны |
Бір адамға айлық жалақы көлемі |
Қаржыландыру көзі |
1. |
Көкшетау қаласының әкімдігі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Авариялық жөндеу қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, |
Ықшам аудандарда |
784 |
9752 |
Қалалық бюджет |
2. |
"Көкшетау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Көкшетау қаласының Красный Яр селолық округі |
Құжаттарды электрондық форматқа өңдеу |
290 |
9752 |
Қалалық бюджет |
3. |
Көкшетау қаласының ауруханалары |
Аумақтарды жинау және аббаттандыру |
26 |
9752 |
Қалалық бюджет |