Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 шешімімен
_____________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 489 - 492 баптарына сәйкес қалалық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы /көрнекі/ жарнама орналастыру үшін ұсынылған төлем көрсеткіші белгіленсін.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Сессия хатшысы
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2007 жылғы 30 мамырдағы
кезекті отыз тоғызыншы сессиясының
N 342 шешіміне қосымша
Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы /көрнекі/ жарнама
орналастыру үшін төлем ставкалары (бір жақ беті)
"А" категориясы |
"Б" категориясы |
|
Аумағы 3 шаршы метрге дейіңгі жарнама объектілері |
3 АЕК |
2 АЕК |
Аумағы 3 шаршы метрден жоғары жарнама объектілері |
Ставканың мөлшері объекті аумағына тең |
Ставка объекті аумағының 2/3 бөлігіне тең |
Ескертпе: Ставканың мөлшері қолданыстағы айлық есептік көрсеткішінен есептеледі.
"А" категория: Әбілқайыр хан даңғылы, Ә.Молдағұлова даңғылы, әуежай трассасы, айналмалы жол (312 атқыштар дивизиясынан Елек көпіріне дейін), 312 атқыштар дивизиясы даңғылы (Смағұлов көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін)
"Б" категориясы: "А" категориясына кірмеген көшелер мен даңғылдар.