Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының 2009.07.17 № 01-4-13/9372 хатымен
Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын , Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі және ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33, 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылдың 10 қаңтар мен 31-i наурыз аралығында Ақтөбе қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасының шақыру учаскесiне тiркелу жасы 17-ге толатын 1991 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ақтөбе қаласының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау Департаменті (Қ.Қ.Сабыр) Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма қарамағына бөлсiн:
1) бекiтiлген құрамға сәйкес тiркелiнетiндерге медициналық куәлiк берудi жүргiзу үшiн дәрiгер-мамандарды;
2) тiркелiнетiндерге медициналық құжаттарымен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;
3) дәрігер - мамандарды және медбикелерді қосымша тексеруден өткізу үшін, тіркелетіндердің саны көбеюіне байланысты;
4) дәрігер - мамандардың резервтегі құрамын;
5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi - дәрмектердi.
3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:
1) тiркеуге жататын азаматтарға хабар берсiн, оларды қалалық шақыру пунктiне шақырсын және олардың бұл шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн;
2) шақыруға дейінгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындауға қажеттi уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
4. Қалалық бiлiм бөлімінің бастығы (Ә.К.Көшербаев) Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармамен (Т.К.Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1991 жылы туылған жасөспiрiмдердi толық тiркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ жасөспiрiмдердi кейiннен күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп, есепке алсын.
5. Қалалық iшкi iстер бөлiмiне (М.Өсербаев) тiркеудi жүргiзу кезiнде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін.
6. Қалалық АХАЖ бөлiмiне (В.Т.Мамбетова), қалалық сотқа (С.К.Төлегенов) меншiк түрiне қарамастан органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабында қарастырылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Селолық округтер әкiмдерi Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарманың талабы бойынша әскерге шақырылатын жасқа дейiнгiлер мен әскерге шақырылушыларды шақырту пунктiне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.
8. Ақтөбе қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма бастығы Т.К.Бөлтеевке азаматтардың әскерге шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын алсын. Тiркеу қорытындысы туралы 2008 жылдың 10 сәуiрiнде қала әкiмiне хабарласын.
9. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М. Қалдығулова және Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Т.К.Бөлтеевке жүктелсін.
Қала әкiмi