Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 31-135 және Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 718 бірлескен қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 50 бабының 5 тармағына сәйкес Жамбыл ауданы бойынша суармалы жерлерден ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында берілетін жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жер учаскелерінің ең аз мөлшері 0,5 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау бюджет, экономикалық реформалар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік пен жекешелендіру, экономика, нарықтық құрылымдарды жетілдіру мен дамыту жөніндегі аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Әбілев Ақылдос Абайұлына және аудан әкімінің орынбасары Қазиев Бейсенбек Бахтыбекұлына жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Досмұхамбет Б. Б.
Аудандық мәслихат
хатшысы Әлиев Б. Б.
Аудан әкімі Тұрлашов Л. М.