Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорық" мемлекеттік мекемесі аумағының айналасында қорғаныш аймақ құру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 66 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 04 мамырда N 1658 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 123 бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 2-81 хатының негізінде Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы аймағында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақсу-Жабағлы табиғи қорық" мемлекеттік мекемесі аумағының айналасында екі шақырымдық қорғаныш аймақ құрылсын және осы аймақтың шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынсын.

      2. Осы қаулы Жамбыл облысының әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

      Облыс Әкімінің
      міндетін атқарушы                  А. Савченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады