Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/275 "Коммуналдық қызметті төлеуге және тұрғын жайды ұстауға Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-25, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың екінші абзацында "969" саны "1115" санымен ауыстырылсын, "1368" саны "1820" санымен ауыстырылсын;
үшінші абзацында "831"саны "920" санымен ауыстырылсын, "1388" саны "1841" санымен ауыстырылсын;
төртінші абзацында "778" саны "813" санымен ауыстырылсын, "1480" саны "1933" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.Қ.) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы Г. Ахрименя
Қалалық мәслихаттың хатшысы Л. Коробейникова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Токушев Қ.Ә.
14 ақпан 2007 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Қаржы бөлімінің
меңгерушісі Томпиева Ж.Қ.
14 ақпан 2007 жыл
Экономика және
бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы Шлыкова З.С.
14 ақпан 2007 жыл