Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2011.10.18 N 376 шешімімен.
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
1) алынып тасталды - 2009.07.16 N 172 шешімімен;
2) түберкулезбен ауыратын тұлғалар (түберкулез диспансерінің деректері бойынша)
3) ауған майдангерлері және Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысу салдарынан;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
5) алынып тасталды - 2010.03.17 N 227 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз);
6) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
Әр түрлі негіздермен қосымша әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда тек қана бір негіз бойынша төлем төленуі қажет.
7) алынып тасталды - 2010.03.17 N 227 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз);
8) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2009.02.27 N 123(2009.01.01. бастап қолданысқа енеді); 2009.07.16 N 172 (2009.01.01. бастап қолданысқа енеді); 2010.03.17 N 227 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындайды және алушылардың өздері таңдаған тиісті лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктердегі жеке есепшоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етеді.
3. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасында қарастырылған қаражаттардың есебінен жүргізілсін.
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
IV сессиясының төрағасы Ж. Жетімеков
Қалалық Мәслихаттың хатшысы Н. Кәдірсізов
КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Н. Гармашова
2007.12.26