Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының XIX сессиясының 2009 жылғы 16 шілдедегі N 172 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 07 тамызда N 8-5-76 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қаражал қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы XII сессиясының "2009 жылға арналған қала бюджеті туралы" N 99 шешіміне сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсанындағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2008 жылғы 08 ақпанда N 8-5-50 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2008 жылғы 16 сәуiрдегi N 7 санында жарияланған), Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 27 ақпандағы XІV сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 123 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2009 жылғы 19 наурызда N 8-5-67 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 12 саныңда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1 тармақтағы:
      1) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) тармақшада "мүгедектігі" деген сөздің алдынан "I және II топтардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "зейнетақысы 14 айлық есептік көрсеткіштен" деген сөздер "аз зейнетақы мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      XIX сессиясының төрағасы,
      қалалық Мәслихаттың хатшысының м.а.        Ж. Жетімек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады