Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының N 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХV сессиясының 2010 жылғы 17 наурыздағы N 227 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 сәуірде N 8-5-89 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XХIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2008 жылғы 8 ақпанда N 8-5-50 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2008 жылғы 16 сәуiрдегi N 7 санында жарияланған), Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 27 ақпандағы XIV сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының N 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 123 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2009 жылғы 19 наурызда N 8-5-67 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 12 санында жарияланған) және Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі XIХ сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 172 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2009 жылғы 7 тамызда N 8-5-76 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 8 тамыздағы N 32 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтағы:
      4) тармақшада "I және II топтардағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын жұмыссыздар, оның ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;
      5), 7) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ХХV сессияның төрағасы                     Ж. Серіков

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады