Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының № 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХІV сессиясының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 123 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 8-5-67 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 1-24/167 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 28.06.2013 № 1-24/167 хатымен).

      2008 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және қалалық Мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы XII сессиясының N 99 "2009 жылға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының N 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде тіркеу нөмірі 8-5-50, 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 7 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағы:
      3) тармақшада "мүгедек болғандар" деген сөздер алынып тасталсын;
      1 тармақта:
      5) тармақшасының "15" саны "14" санымен ауыстырылсын;
      1 тармақта:
      1) тармақшасында "жұмыссыздар" деген сөзден кейін "және қоғамдық жұмысқа қатысушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
      1 тармақта:
      5) тармақшасында "зейнетақы төлемдерiн алушылар" деген сөздердiң алдында "жұмыс істемейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
1 тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар (әр балаға);
      8) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар.".
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономия мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Мусин) жүктелсiн.
      3. Осы шешім 2009 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      XIV сессия төрағасы                        C. Сыртанбеков

      Қалалық Мәслихат хатшысы                   Н. Кәдірсізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады