Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2007 жылғы 9 шілдедегі N 39/315 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 27 шілдеде N 8-12-33 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы N 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 11.05.2016 N 2/18 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың тәртібі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзгеде инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Жаңаарқа аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудан әкімдігіне төмендегідей ұсыныс берілсін:
      тиісті мемлекеттік органдар тарапынан өтетін облыстық және жергілікті маңызы бар арнайы іс-шаралар төмендегі нысандар аумағында (№ 1 қосымша) сәйкес өткілсін.
      қоғамдық–саяси сипаттағы мемлекеттік емес іс-шараларды аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратының алдындағы алаңда өткізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Басқа алаңдар мен гүлдарлар, олардың сәулеттік және қызметтік пайдалануына сай ресми және мәдени-сауық шараларды өткізуге үшін деп анықталсын.
      4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасына тіркелгеннен және ақпарат көздеріне жариялағаннан кейін күшіне енеді.
      Аудандық Мәслихаттың
XXXIX сессиясының төрағасы
Ш. Жұмашев
      Аудандық Мәслихат хатшысы Х. Омаров.

  Аудандық Мәслихаттың
9 шілде 2007 жылғы
№ 39/315 шешіміне
№ 1 қосымша

      1. Атасу кенті бойынша:
      1. Мәдени-сауық орталығы алдындағы алаң
      2. Жастар орталығы алдындағы алаң
      3. Тәуелсіздік даңғылы
      4. Вокзал алдындағы алаң
      5. Аудандық саябақ
      6. "Мөлдір" мейрамханасы алдындағы алаң
      2. Қызылжар кенті бойынша:
      1. Пошта бөлімшесі ғимаратының алаңы
      3.Селолық округтер бойынша:
      1. Ақтасты селосының мектеп ғимараты алдындағы алаң.
      2. Орынбай селосының мектеп ғимараты алдындағы алаң.
      3. Бидайық селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      4. Айнабұлақ селосының ОДА ғимараты алдындағы алаң.
      5. Қарағаш селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      6. Байдалы би селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      7. Ынтымақ селосының спорт кешенінің алаңы.
      8. Ералиев селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      9. Ақтау селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      10. Түгіскен селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.
      11. М. Жұмажанов селосының мектеп ғимараты алдындағы алаң.
      12. Ақтүбек селосының клуб ғимараты алдындағы алаң.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады