Осакаров ауданы әкімдігінің жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсынысын қарастырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңың, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары:
1) Осакаровка кентінің мәдениет үйінің және Молодежный кентінің мәдениет үйінің алдындағы алаңдар облыстық және жергілікті маңызы бар, сәйкес мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен ресми шаралар және мемлекеттік жоғарғы лауазымды тұлғалардың, облыстық және аудандық басшылықтың қатысуымен басқа іс-шараларды өткізу үшін;
2) Осакаровка кентінің мәдениет бағы, Молодежный кентінің № 26 орта мектебінің алаңы, сонымен қатар ауданның селолық округтерінің мектептері жанындағы алаңдар қоғамдық-саяси тұрғыдағы мемелекеттік емес іс-шаралар өткізу үшін;
3) ауданның басқа аландар мен гүлзарлар олардың сәулеттік және қызметтік пайдалауына сай ресми және мәдени-сауық шараларды өткізуге үшін деп анықталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы И.Л.Зиньковский).
Сессия төрағасы | Н. Бурков |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Е. Сүлейменов |