Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 278 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 07 тамызда N 8-15-73 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй–коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 маусымдағы 26 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" N 203 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-15-33 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 шілдедегі "Сельский труженик" газетінің N 30 (6993) санында жарияланған), (әрі қарай - Қағида), келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Қағиданың кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 қаулысына" сөзінен кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй–коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 1 тармақта
      1 тармақшасында:
      "тұрғын үйді ұстауға" деген сөзден кейін "кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 2 тармақта:
      "тұрғын үйді ұстауға" деген сөзден кейін "кондоминум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      "20" саны "18" санына ауыстырылсын;
      4) 3 тармағы:
      келесі мазмұндағы 4 тармақшасымен толықтырылсын:
      "4) Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың кондоминиум объектісін жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасауға жұмсалатын қаражаттары кондоминиум объектісінің жалпы көлемінен жәрдемақы алушының жеке меншік көлемінің теңдігі жолымен анықталады. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жасау пәтерлердің иелерімен жалпы жиналыста бекітіледі".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтары мен заңдылықтары мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы И.Л. Зиньковский).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Бурков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Е. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады