Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.07.2013 № 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 № 112 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданындағы халқының саны 50 адамнан кем төмендегідей елді мекендер таратылып, қалған шаруа және басқа да қоныстар сол ауылдық округтегі ең жуық елдi мекендердің құрамына енгiзiлсін:
Көларық ауылдық округінің Шерекен және Мырзабек елді мекендері Ақтан батыр елді мекені құрамына;
Сарыкөл ауылдық округінің Сағыр, Ізтілеубазы, Қазанқап елді мекендері Жұбан елді мекені құрамына;
Сарыкөл ауылдық округінің Ботбай, Шоратай, Маймақ, Мырзабек елді мекендері Абай елді мекені құрамына;
Майлыбас ауылдық округінің Кеңтүп, Дарбас, Жаңаарық елді мекендері Ақсуат елді мекені құрамына.
2. Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округінің Самұратбазы елді мекенінде тұрғындардың болмауына байланысты оның аумағы осы ауылдық округтің Жұбан елді мекені құрамына енгізіліп, таратылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 329 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Қазалы ауданының әкімі шаруа және басқа да қоныстардың тұрғындарын елді мекендерге көшу және оларды келешекте жайластыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
5. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.