Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.03.09 № 85 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері осы қаулыға сәйкес заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін (бұдан әрі - шағын діни топтар) қамтамасыз етсін және шағын діни топтардың есептік тіркеуін өткізу жөніндегі уәкілетті органды анықтасын.
2. Шағын діни топтар болып заңды тұлға белгілері жоқ және заңды тұлға мәртебесімен Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық тұрғыда қатысты, тіркеуге алушы органда есептік тіркеуге жататын жергілікті діни қауымдар танылады.
3. Шағын діни топ оны тіркеуге алатын органда шағын діни топ туралы мағлұматтар есебінің журналына енгізу жолымен есептік тіркеуге қойылған сәтінен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
4. Шағын діни топтарды есептік тіркеу үшін оның басшысы немесе уәкілетті тұлға тіркеуге алатын органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қою туралы өтініші;
2) тіркелетін шағын діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты болып табылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
5. Есептік тіркеу шағын діни топ туралы мәліметтерді 2-қосымшаға сәйкес арнайы қатаң есептілік журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
6. Есептік тіркеу құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
7. Есепке алу журналына мәліметтер енгізілгеннен кейін тіркеуге алушы орган шағын діни топтың басшысына немесе уәкілетті тұлғаға 3-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қойылғаны туралы тиісті анықтаманы береді.
8. Шағын діни топты есепке қою туралы деректер қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен анықталған уәкілетті органдарымен Қостанай облысының ішкі саясат департаментіне тапсырылады.
9. Шағын діни топ жергілікті уәкілетті органында діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өзінің қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуінен өткеннен кейін есептік тіркеуден алынады.
10. Әкімдіктің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 279 "Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (2005 жылғы 2 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 3503, "Қостанай таңы" газетінде 2005 жылдың 9 қыркүйегінде, "Костанайские новости" газетінде 2005 жылдың 21 қыркүйегінде жарияланған).
11. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 411 "Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеуін ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі
Қостанай облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Әкімдіктің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 56 қаулысына 1-қосымша
__________________________
(өтінішті тіркеуші органның
__________________________
атауы, мекен жайы)
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың
есептік тіркеуге тұрғызу туралы
өтініші
_________________________________________________________
(топ басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________
(діни топтың атауы, оның діни ұстанымы)
_________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
_________________________________________________________
(діни топтың мекен жайы мен діни құрылыстың бар болуы)
_________________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыратын аумақ)
Қолы
Күні
Әкімдіктің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 56 қаулысына 2-қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды тіркеу журналы
Р/с № |
Тіркеу нөмірі мен тіркелген күні |
Діни топтың атауы |
Діни топтың діни ұстанымы және оның діни орталыққа жататындығы |
Діни топтың мекен-жайы |
Діни топтың қызмет ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Таблицаның жалғысы
Діни құрылысының (ғибадат ету) бар болуы |
Топ басшысының немесе таныстыруға өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, олардың мекен-жайы, телефон нөмірі |
Нөмірдің тіркелуі туралы анықтаманы толтырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты |
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен қолы |
Топтың кәмелетке толған мүшелерінің саны |
Ескертулер |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Әкімдіктің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 56 қаулысына 3-қосымша
_____________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың есептік тіркеу қою туралы
_____ анықтама
200__ жылғы «___» ____________ берілді.
Діни топтың атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Топты тіркеуге алған
органның басшысы Қолы
Мөр