Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 99 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 3567 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 371 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2012.08.15 № 371 (қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатуды реттеу мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыс аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату ережесі бекітілсін.
      2. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне
      1) эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатуға арналған тұрақты үй-жайларды белгілесін;
      2) әкімдіктердің жанынан эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату ережесін сақтау жөніндегі комиссиялар құрсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі
      Әкімдік мүшелері

      КЕЛІСІЛДІ
 

Әкімдіктің           
2007 жылғы 21 наурыздағы № 99 
қаулысымен бекітілген     

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшектеп сатуды
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңындағы 14 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қостанай облысының аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сатылуын реттеуге бағытталған.
      2. Осы ереже эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын барлық жүйелі баспасөз басылымдарына, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден алып келінетіндерге таралады.
      3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдар - тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті пайдаланатын баспасөз басылымдары;
      тұрақты үй-жай - қозғалтуы оның тіреу құрастырмаларына нұқсан келтірмеуі мүмкін емес іргетасы бар салынған іргелі ғимарат, құрылыс немесе оның бөлігі.

2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын
мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату

      4. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек сату арнайы бөлінген тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылады.
      5. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек мөлдір ораммен буылып-түйілген күйінде бөлшек сатуға жол беріледі.
      6. Тұрақты үй-жайлар облыстың қалалары (облыстық маңыздағы) және аудандары әкімдіктерінің қаулыларымен анықталады.
      7. Аталған мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға тыйым салынады:
      он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға;
      мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оларға 100 метр радиусында жақын орналасқан аумақта;
      сәулет және тарихи ескерткіштердің жанында;
      қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдардың көпшілік демалысы орындарында, дүңгүршіктерде, палаткаларда, дүкеншіктерде, қолдан, жаймалардан, автомашиналардан.

3. Осы ережені сақтамағаны үшін жауапкершілік

      8. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын осы мақсаттар үшін белгіленбеген жерлерде сатуды және таратуды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады