Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 313 "Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі N 459 шешімі. Қостанай облыстық әділет департаментінде 2007 жылғы 8 тамызда N 3576 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының  6-бабына  сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 26 сәуіріндегі № 313 «Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кyрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшаға сәйкес Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) 2-бөлімі толықтырылсын;

      Жоспардың 32-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім ресми түрде алғашқы рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн мерзімі өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Кезекті, жиырмасыншы сессияның төрайымы 

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы  

Мәслихаттың             
2007 жылғы 12 шілдедегі 
N 459 шешіміне қосымша  

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
2006 - 2008 жылдарға  Арналған өңірлік бағдарламасын іске 
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындауға 
жауаптылар

Орындау
мерзімі

Болжам-
ды шы-
ғыстар

Қар-
жы-
лан-
дыру
көз-
дері

1

2

3

4

5

6

7

2. Сыбайлас жемқорлықты төмендету жөнінде мемлекеттік шараларды жетілдіру

24-1

Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың заңдылығы мәселесі бойынша тексерулер жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат және қадағалау актілері

"Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті"»(ММ) (келісім бойынша), "Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)" ММ (келісім бойынша), "Қостанай облысының прокуратурасы" ММ (келісім бойынша)

Жарты жылда 1 рет

Қаржыландыруды талап етпейді 

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады