"Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе барлау мен өндіру қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 ақпанда 3592 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.04.09 № 115 қаулысымен.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      КЕЛІСІЛДІ

Облыс әкімдігінің       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 584 қаулысымен бекітілген  

"Қостанай облысының аумағында көпшілікке
таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіруге немесе
барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған
келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандарты

      Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.11.2008 № 544 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

1. Жалпы ереже

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      Келiсiм-шарт - шарт жасасқан кезде құзыреттi орган және жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлауға, өндiруге, барлау мен өндiруді қоса атқаруға арналған немесе барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiне сәйкес жасалған шарт.
      Осы стандарт Қостанай облысының аумағында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарды тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3-тармағы және "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесінің" 36-тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті "Қостанай облысы әкімдігінің  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы"  мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша көрсетеді: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, 409-кабинет, сайт http://dpp.kostanay.қz/.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы акт беру болып табылады.
      6. Құзыретті органмен көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе барлау мен өндіруді қоса атқаруға арналған келісім-шарттарға қол қойған жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мынадай мерзімдерге беріледі:
      1) тұтынушының қажетті құжаттарды тапсыру кезінен мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі - 10 жұмыс күні;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезегінде күтудің ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезек күту рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 15 минут, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері - 5 мb.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің сайтында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша стендке орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, 9 сағат 15 минуттен 17.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет түрінде жүзеге асырылады.
      11. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің үй-жайы ғимараттың төртінші қабатында орналасқан. Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар қызмет көрсету орнына көтерілуі үшін лифтті пайдалануға болады. Күту залы жоқ, өйткені келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы акт беру кезінде үй-жайда күту қаралмаған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) мемлекеттік қызмет алуға арналған өтініш;
      2) бірінші басшы, орынбасары немесе оның тапсырмасы бойынша басқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізуге арналған келісім-шарты;
      3) Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасымен берілген кен немесе геология иелігі;
      4) Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасымен келісілген және бірінші басшымен бекітілген келісім-шартқа жұмыс бағдарламасы;
      5) Солтүстік Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасымен келісім-шарттың жобасын келісу;
      6) Қоршаған ортаны қорғау Қостанай аумақтық басқармасымен келісім-шарттың жобасын келісу;
      7) Қостанай облысы бойынша Салық комитетімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      8) Қостанай облысының төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі басқармасымен келісім-шарттың жобасын келісу;
      9) Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісім-шарттың жобасын келісу;
      10) Қостанай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісім-шарттың жобасын келісу;
      11) Қостанай облысының қалалық (аудандық) әкімдігімен келісім-шарттың жобасын келісу;
      12) Қостанай облысының әділет департаментімен келісім-шарттың жобасын келісу.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.11.2008 № 544 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш еркін түрде жазылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар 407-кабинетте жауапты тұлғаға тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат ол құжаттарды қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен сағаты, сондай-ақ тұтынушының мемлекеттік қызмет алу күні де көрсетіледі.
      16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметке тұтынушының жеке келуі болып табылады.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін мынадай мекенжайы бойынша жауапты тұлға береді: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, төртінші қабат, 409-кабинет.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізуге осы объекті бойынша конкурс жеңімпаздарын анықтау күнінен бастап он сегіз ай ішінде келісім-шарттың жасалмауы болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіз қаралмаған.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға қатысты мемлекеттік органның жұмыс қағидаттары болып табылады:
      сыпайылық, қиыншылық туған жағдайда тиімді көмек көрсетуге дайындық;
      мемлекеттік қызмет көрсету туралы тиянақты ақпарат;
      тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету;
      тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша шағым болған жағдайда уәкілетті лауазымдық тұлғалардың іс-әрекетіне (іс-әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмек көрсететін "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғасына 404-кабинетке келуге болады.
      22. Шағым Қостанай облысының әкімдігіне беріледі, электрондық поштаның мекенжайы: акim@kostanay.кz.
      23. Шағым қабылдағанын растайтын және шағымдануға жауап алу орны мен мерзімін көрсететін құжат берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетілген белгіленген формадағы талон болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы лауазымдық тұлғадан 575-058 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

6. Байланыс ақпарат

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері (сайт, электрондық поштаның мекенжайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекенжайы, телефондары):
      1) тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарының байланыс деректері:
      сайт: http://dpp.kostanay.кz/.
      электрондық пошта мекенжайы: dpp@kostanay.кz;
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      қабылдау: 9 сағат 15 минуттен 17.00-ге дейін;
      мекенжайы: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, 4-қабат, 407 - кабинет;
      мемлекеттік мекеме басшысының телефоны: 575-240;
      мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарының телефоны: 575-239;
      2) жоғары тұрған ұйым басшысының байланыс деректері:
      сайт: www. kostanay.кz;
      электрондық поштаның мекенжайы: акim@kostanay.кz;
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      қабылдау: қабылдауға жазылу 575-084 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
      мекенжайы: Қостанай қаласы, Үл-Фараби даңғылы, 66 басшының телефоны: 575-010.
      25. Келісім-шартты тіркеуге байланысты мәселелерді шешуге міндетті мемлекеттік мекеме маманының телефоны: 575-232,

"Қостанай облысының аумағында    
көпшілікке таралған пайдалы     
қазбаларды барлау, өндіруге немесе 
барлау мен өндіруді қоса атқаруға  
арналған келісім-шарттарды тіркеу" 
мемлекеттік қызмет көрсетудің    
стандартына қосымша         

Кесте.
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

N

Сапа және
қолжетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні

Көрсет-
кіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні


1. Уақыттылығы

1.1.

құжаттарды
тапсырған
сәттен
бастап
белгіленген
мерзімде
қызметті
ұсыну
оқиғаларының
% (үлесі)

99

99

99

1.2.

қызмет алуды
кезекте 40
минуттан
аспайтын уақыт
күткен
тұтынушылардың
% (үлесі)

10

10

10


2. Сапасы

2.1.

қызметті ұсыну
үдерісінің
сапасына
қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

2.2.

құжаттарды
лауазымды
тұлға дұрыс
ресмі деген
жағдайдың
(жүргізілген
төлемдер, есеп
айырысулар
және т.б.) %
(үлесі)

100

100

100


3. Қолжетімділік

3.1.

қызметті ұсыну
тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

3.2.

тұтынушы
құжаттарды
дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

80

80

80

3.2.

Интернет
арқылы қол
жетімді
қызметтерінің
ақпарат %
(үлесі)

70

70

70


4. Шағымдану үдерісі

4.1.

қызметтің осы
түрі бойынша
қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

0.1

0,1

0,1

4.2.

белгіленген
мерзімде
қаралған
және
қанағаттанды-
рылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

95

95

95

4.3.

шағымданудың
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

4.4.

шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың
%  (үлесі)

85

85

85


5. Сыпайылық

5.1.

қызметкердерді
сыпайлығына
қанағаттанған
тұтынушылардың
% (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады