"Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватын құру үшін жер телимдерін сақтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 582 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 8 ақпанда N 3593 тіркелді

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  24-бабы , Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң  2006 жылғы 29 қыркүйектегi  N 943  қаулысымен бекiтiлген,  "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы ережесінің"  2-тармағы  және 2007 жылғы 13 қазандағы "Алтын Дала" мемлекеттiк табиғи резерватын ұйымдастыру үшiн жер учаскелерiн тексеру актісі негiзiнде қостанай облысының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Аманкелдi және Жангелдин аудандарының аумақтарында, қосымша берiлiп отырған жобаланған жоспарда (сызбада) көрсетілген шекара мен алаңына сәйкес "Алтын Дала"  мемлекеттiк табиғи резерватына жер телімдері резервке бекітіліп берілсін.

      2. Аманкелдi және Жангелдин аудандарының әкiмдерi "Алтын Дала" мемлекеттiк табиғи резерватына жер телімдері резервке бекітіліп берілген жер учаскелерiнде табиғи-қорықтық қоры объектiлерi сақталуын қамтамасыз ететiн шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары Н. М. Садуақасовқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      қостанай облысының әкімі 

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ 

Жобаланған "Алтын Дала" 
мемлекеттік табиғи резерваты жер учаскелерінің 
ЖОСПАРЫ (сызбасы)

алаңы 489774 га Қостанай облысы Жангелдин (356951 га)
және Аманкелді (132823 га) аудандарының аумақтарында

      РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын қараңыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады