"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2007 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын айқындау және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
3. Тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, оларға жұмыс орны мен атқаратын қызметін сақтай отырып, әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюмен байланысты міндеттерін орындауға қажетті мерзімге жұмыстан (оқудан) босатылсын.
4. "Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директорына (Э.М. Ғалымжановтың) (келісімімен)»ұсынылсын:
1) әскер жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберсін;
2) әскер жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеру қамтамасыз етсін;
3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз етсін;
4) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде жұмысқа тартылатын медициналық персоналға жұмыс орындарын, атқаратын қызметтің және орта айлық жалақыларының сақталуын қамтамасыз етсін.
5.«"Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.К. Алдабергеновтың) (келісімімен) ұсынылсын:
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлау оқытушылары-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде аңықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезінде әскери оқу орнына түсуіне әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгі азаматпен жеке әңгімелесу жүргізсін;
2) уақытша жұмысқа 17 (он жеті) техникалық жұмыскер мен жеке көлігі бар 3 (үш) жүргізушіні қабылдасын.
6.«"Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ю.П. Мелиховтың) (келісімімен) және "Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (С.К. Жұмабаевтың) (келісімімен), "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тіркеу комиссиясынан өтуге келмеген бозбалаларды уақытылы іздеу және жеткізу жөнінде көмек көрсету ұсынылсын.
7. "Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Л. С. Кураева):
2007 жылдың қаңтар-наурызындағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын«"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялары есебінен жүргізсін.
8. Осы қаулы 2007 жылғы 03 қаңтардан бастап іс- әрекет жасауға енді.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.
Қостанай қаласы әкімі
Әкімдік мүшелері
КЕЛІСІЛДІ:
Әкімдіктің
2007 жылғы 15 қаңтардағы N 147
қаулысына қосымша
Қалалық тіркеу комиссиясының құрамы
АЛДАБЕРГЕНОВ - Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
МЕЙРАМ КАПАНҮЛЫ басқармасының бастығы, төраға
ЯНКИН ЛЕОНИД - Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі, орынбасар
НИКОЛАЕВИЧ
Комиссия мүшелері:
БУШМАКИН - Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімі
ОЛЕГ НИКОЛАЕВИЧ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
ШЕРЕМЕТ - дәрігер-хирург, медициналық комиссиясының төрайымы
СВЕТЛАНА ВАСИЛЬЕВНА (келісім бойынша)
КҮНТУАРОВА - медициналық медбике, комиссия хатшысы (келісім
АЙЖАН ОМАРҚЫЗЫ бойынша)
Резервтік құрамы:
МҮҚАШЕВ - Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі
АСЫЛХАН ӘШІМХАНҮЛЫ басқармасы бастығының орынбасары, төраға
ТЕ ВАЛЕНТИНА - Қостанай қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың
ДМИТРИЕВНА құқығын қорғау жөніндегі жауапты хатшысы, орынбасар
Комиссия мүшелері:
ӘБДІРАХМАНОВ - Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлім
ҚАБДҮЛХАН ҚАБДЕНҮЛЫ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
ДЖҮСІПБЕКОВ - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
ХАМИДОЛЛА КӘРІМҮЛЫ (келісім бойынша)
САУЖАНОВА - медициналық мейірбике, комиссия хатшысы
ӘСЕЛ БАЛТАШҚЫЗЫ (келісім бойынша)