Бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бір жолғы талондарды өткізуден түскен соманың толық алымын қамтамасыз ету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 28 маусымдағы N 178/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 3090 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексi 21-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 22-2-тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Павлодар облысы аумағында бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың толық алымын қамтамасыз ету қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде қолданысқа енедi.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      "КЕЛIСIЛДI":
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлiгi
      Салық комитетiнiң төрағасы Н. Рахметов
      2007 жылғы 6 маусым

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң   
      2007 жылғы 28 маусым       
      "Бiр жолғы талондарды беру     
      жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру   
      және бiр жолғы талондарды өткiзуден
      түскен соманың толық алымын қамтамасыз
      ету қағидасын бекiту туралы"  
      N 178/7 қаулысымен бекiтiлдi   

Павлодар облысы аумағында бiр жолғы талондарды беру
      жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың толық алымын қамтамасыз ету қағидасы

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексi 21-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында әзiрлендi және Павлодар облысының аумағында бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың толық алымын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру  тәртiбiн анықтайды.
      2. Бiр жолғы талондарды есепке алуды жүргiзу және беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiстер министрiнiң 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 (Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнде 2001 жылғы 30 қарашада N 1685 болып тiркелген) басқармасы бұйрығымен бекiтiлген бiр жолғы талондарды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Бiр жолғы талондар берудi ұйымдастыру

      3. Павлодар және Екiбастұз қалаларында бiр жолғы талондар беру және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың алымы жөніндегі қызметтi "Павлодар қаласының әкiмi жанындағы базарларда жергiлiктi салықтарды жинау және бiр жолғы талондар беру жөнiндегi орталық", "Екiбастұз қаласының әкiмi жанындағы базарларда бiр жолғы талондар беру орталығы" мемлекеттiк мекемелерi, Ақсу қаласында "Ақсу қаласының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, ауылдық жерлерде ауылдық округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - бiр жолғы талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар) жүзеге асырады.
      Бiр жолғы талондар берудi және бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың алымын жүзеге асыратын қызметкерлердiң еңбегiн төлеу мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiн төлеудi реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес iске асырылады.
      4. Бiр жолғы талонның құны жергiлiктi өкiлдiктi органдарымен белгiленедi және инфляция коэффициентi мен тұтынушылық бағаларының өсу серпiнiн есепке алумен өзгере алады.
      5. Бiр жолғы талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте бiр жолғы талондардың талап етiлетiн саны туралы мәлiметтi аумақтық салық органдарына жiбередi.
      6. Бiр жолғы талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар:
      бiр жолғы талондар түбiршектерiнiң толық, дұрыс толтырылуы мен сақталуын;
      бiр жолғы талондар берудi (алуды) тiркеу журналында бiр жолғы талондар беру есебiн жүргiзудi;
      бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың бюджетке уақытылы және толық аударылуын;
      жергiлiктi өкiлдiктi органдар бекiткен болжамды көрсеткiштердiң орындалуын қамтамасыз етедi.
      7. Бiр жолғы талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар  бiр жолғы талондар берудi қамтамасыз етедi және:
      бiр жолғы талондарды сатып алу мәселесi жөнiнде салық төлеушiлер үшiн;
      бiр жолғы талон бланкiлерiнiң, сондай-ақ қолма қол ақшаның сақталуы бөлiгiнде бiр жолғы талондарды беру мен бiр жолғы талондарды өткiзуден түскен соманың алымын iске асыратын қызметкерлер үшiн оңтайлы жағдайлар жасайды.

3. Есеп берудi ұсыну тәртiбi мен мерзiмi

      8. Бiр жолғы талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар ай сайын есеп беру айынан  кейiнгi айдың 5-нен кешiктiрмей, мынадай:
      кәсiпкерлiк қызметi жылына 90 күннен асатын жеке тұлғалар бойынша;
      бiр жолғы талондардың пайдаланылған және бүлiнген бланктерi туралы;
      бiр жолғы талондардың қалдықтары туралы;
      бiр жолғы талондарды өткізуден түскен бюджетке аударылған сомалар туралы;
      жеке тұлғалар бiр жолғы талон сатып алған 30 күннiң өткен күнi туралы мәлiметтердi аумақтық салық органына ұсынуды қамтамасыз етедi.

4. Жауапкершiлiк

      9. Бiр жолғы талондарды беру жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды  бұзғаны, сондай-ақ бiр жолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген сомадан төмен бергенi үшiн талондар беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады