Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнама объектілері бойынша төлем мөлшерлемелері туралы (3 сайланған 32 кезектен тыс сессия).

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 52/32 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 21 мамырда N 89 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 491 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1.  Қосымшаға сәйкес, Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнамалар объектiлерi бойынша төлем мөлшерлемелерi бекітілсін.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсiн.
      3. Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі "Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнамалар объектiлерi бойынша төлем мөлшерлемелерi туралы" N 81/15 шешiмiнің күші жойылды деп саналсын.
      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Дорохин

      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь

Павлодар қалалық мәслихатының  
2007 жылғы 19 сәуірдегі     
"Павлодар қаласы аумағында    
орналастырылған жарнама     
объектілері бойынша төлем    
мөлшерлемелері туралы"     
N 52/32 шешіміне қосымша    
(3 сайланған 32 кезектен тыс сессия)

Жарнама объектiлерi бойынша төлем
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

N р/с

Жарнама объектiлерi (жердегі, қабырғадағы, шатырларға орнатылған және басқалар)

АЕК ай сайынғы төлем мөлшерi

1

1 шаршы метрге дейiн (бiр жағы үшiн)

2

2

1-ден 3 шаршы метрге дейiн (бiр жағы үшiн)

4

3

3-тен 10 шаршы метрге дейiн (бiр жағы үшiн)

6

4

10-нан 20 шаршы метрге дейiн (бiр жағы үшiн)

12

5

20-дан 50 шаршы метрге дейiн (бiр жағы үшiн)

18

6

50 шаршы метрден жоғары (бiр жағы үшiн)

24

7

Лайтбокс* 1-ден 3 шаршы метрге дейiн (толық құрылым үшiн)

4

8

Призматрон* 10-нан 20 шаршы метрге дейiн (бiр жалпақтық үшiн)

4

9

Стела* 20 шаршы метрге дейiн (толық құрылым үшiн)

10

10

Перетяга* 25 шаршы метрге дейiн (толық құрылым үшiн)

12

11

7-ден 20 шаршы метрге дейiн стоционарлы объектiлердегi автомобиль жарнамасы (қондырғысы)

28

12

*LED-дисплей (монитор) 50 шаршы метрге дейiн

24

*Призматрон - бiр жалпақтықта үш бейненiң тез және кезекпен ауысуы.
*Лайтбокс - 3 шаршы метрге дейiнгi мөлшермен көшенi жарықтандыру тiреулерiне орналасқан жарық құрылым.
*Стела - жеке тұратын жарнама құрылымы.
*Перетяга - жолдың жол жүретiн бөлiгiнiң үстiне орналастырылған құрылым.
*LED-дисплей (монитор) - бейне роликтi көрсететiн жарық динамикалық экран.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады