Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары тұрғын - үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын Алматы қаласының аумағында жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 1/79 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 ақпанда N 738 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 4/1130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.12.30 N 4/1130 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы" N 923 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алматы қаласында тұратын азаматтарға ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы тұрғын үйлерді сату жөніндегі уәкілетті орган болып "Алматы қаласының Тұрғын үй департаменті"» Мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
       2. 1 қосымшаға сәйкес Ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы сатылатын үйлерді ресімдеу ережесі бекітілсін.
       3. 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін алдын ала банктік бағалаудан өту үшін жолдама үлгісі бекітілсін.
       4. Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 12 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы" N 4/928 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 7 желтоқсанда 627 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 249 санында және "Алматы ақшамы" газетінің 2004 жылғы 12 желтоқсандағы N 142 санында жарияланған; 2005 жылғы 10 мамырдағы "Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 12 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі "Облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған баспаналарды бөлу Ережелерін бекіту туралы" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы"» № N 4/928 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 2/258 қаулысы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 7 маусымда 661 нөмірмен тіркелген,«"Вечерний Алматы" газетінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 131-133 санында және "Алматы ақшамы"» газетінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 65 санында   жарияланған, және 2005 жылғы 19 қыркүйектегі "Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 12 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі "Облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған баспаналарды бөлу Ережелерін бекіту туралы" N 923 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы"» N№4/928 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 4/613 қаулысымен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 17 қазанда 674 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 229-231 санында және "Алматы ақшамы"» газетінің 2005 жылғы 10 және 29 қарашадағы N 128 және 136 санында жарияланған) және Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі "Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді оларда жемқорлық құқық бұзушылықтарға алғышарт туғызатын болуына ревизия жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы N 82-р өкімін жүзеге асыру туралы" N 4/546 қаулысымен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 29 қыркүйектегі 671 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2005 жылғы 13 қазандағы санында және "Алматы ақшамы"» газетінің 2005 жылғы 29 қарашадағы санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       5. Осы қаулы Алматы қалалық Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.

      Алматы қаласының әкімі      И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы             К. Тәжиева

Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 16 қаңтардағы
N 1/79 қаулысына 1 қосымша

Ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы сатылатын үйлерді ресімдеу 
Е Р Е Ж Е С І

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 923 қаулысымен бекітілген "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесінде" көзделген Алматы қаласында тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы ресімдеу жолымен беру шарттарын реттейді.

      2. Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану жолымен беруді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган "Алматы қаласының тұрғын үй департаменті" мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі мәтін бойынша -«"Тұрғын үй департаменті").

      3. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Тұрғын үй департаменті келесі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) тұрғын үйді пайдалануға берерден төрт ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында тұрғын үйді жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі туралы ақпарат таратады;
      2) ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы тұрғын үй алуға ниет білдірген тұлғаларды қабылдауды және тұрғын үйді берудің шарттары мен тәртібін түсіндіруді жүзеге асырады;
      3) азаматтарға ипотекалық несиелеу және тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды жинақтауды жүзеге асырады;
      4) тиісті шешім қабылдау арқылы белгіленген заң тәртібінде азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттілігін анықтайды;
      5) бекітілген үлгіде заем берушіге заем алушының төлем қабілеттілігін анықтауға жолдама береді;
      6) ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы тұрғын үй алуға өтініш білдірген және өзінің төлем қабілеттігін растаған азаматтарды тіркеу жөнінде журнал жүргізіп, тізімдерін компьютерге енгізеді;
      7) тұрғын үй алушылардың кезектегі тізімдерін көпшіліктің танысуына жариялайды;
      8) тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жасасады, оны Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркейді.

      4. Ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтарын пайдалану арқылы тұрғын үй алуды ниет білдірген азаматтар Тұрғын үй департаментіне белгіленген үлгідегі өтініші мен мынадай қажетті құжаттардың көшірмесін қоса береді:
      1) Алматы қаласы Әділет департаменті отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің меншігінде үй құрылысының (бөлігінің) бары немесе жоқтығы жайындағы анықтамасын;
      2) бірге тұрып жатқан және берілген тұрғын үйде тұруға құқықтары бар балалардың жеке куәлігі және туу туралы куәлігін;
      3) жұмыс істеген жерінен анықтамасын.

      5. Тұрғын үй алудағы басым құқықтар мыналарға беріледі:
      1) балалары бар жас отбасыларына;
      2) мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне;
      3) әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне.

      6. Тұрғын үй департаментінде осы Ереженің 5 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтарды және олардың пәтерді бөлу қажеттілігін айқындау үшін комиссия құрылады.

      7. Комиссия тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімін қарап және бекітеді. Кезекте тұрушылардың тізімі бекітілгеннен кейін, Тұрғын үй департаментінің жайында танысу үшін іледі.

      8. Тұрғын үй департаменті тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін екі ай бұрын тиiстi екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға өтiнiштер берген азаматтарының аты-жөнiн және осы азаматтар үмiткер тұрғын үй туралы ақпаратты ұсынады.

      9. Заем беруші тұрғын үйді пайдалануға берілетіннен бір ай бұрын азаматтарының төлем қабілеттілігін анықтайды және Тұрғын үй департаментіне заем беруші заемды беруді жоспарлап отырған азаматтардың аты-жөнiн бередi.

      10. Тұрғын үй департаменті заем берушілерден олардың төлем қабілеті расталған азаматтар туралы ақпаратты алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғызылған үйлерді бөлу құжаттарын қарастыру үшін көрсетілген көрсеткіштерімен қоса оларға пәтер берілетін азаматтардың бірыңғай тізімін құрастырады және осы тізімді қажетті құжаттармен бірге олардың шамаларын анықтау үшін қалалық комиссияға береді.

      11. Тұрғын үй департаменті тұрғын үйге меншік құқығын мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтармен шартты жасасу сәтіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы бойынша бағасы анықталатын тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жасасады.

      12. Азаматтың бюджетке жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым сомасын төлегенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін Тұрғын үй департаменті азаматқа тұрғын үйге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, ал азамат Тұрғын үй департаменті көрсеткен деректемелер бойынша бастапқы жарнаның сомасын енгізеді. Тұрғын үйге меншік құқығын тіркегеннен кейін Тұрғын үй департаменті заем алушыға құқығын белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын береді.

      13. Осы Ереже қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне сай толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 16 қаңтардағы
N 1/79 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасында тұрғын-үй құрылысын
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін алдын ала
банктік бағалаудан өту үшін
ЖОЛДАМА

      Осы құжатпен Алматы қаласының әкімдігі азамат(ша) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі/Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі _______________ берген жеке басы куәлігінің N __________ Қазақстан Республикасында тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасының қатысушысы болып табылатынын растайды және төмендегі сипаттамалармен пәтер алуға несие беру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды:

      Отбасы құрамы _________ адам
 
             Жұмыс орны: _____________________________________

      Жобаланып отырған жылжымайтын мүліктің аумағы: ______ ден ______ дейінгі шаршы метр

      Алматы қаласының
      тұрғын-үй департаментінің
      директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады