2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірде N 105 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті 2007 жылғы 19 сәуірде N 1644 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі  N 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы"»Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 17 сәуірдегі  N 318 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Петропавл қаласы мен аудандар әкімдіктері:
      қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясы құрылсын;
      мыналармен қамтамасыз етсін:
      аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер (басқарма) үй-жаймен;
      автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
      көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген қаржыландыру шегінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.
      4. Денсаулық сақтау департаменті:
      Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
      шақырушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы мамандармен толықтырсын;
      шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеру үшін емдеу-алдын алу мекемелерде орындар қарастырсын.
      5. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:
      ішкі істер департаменті, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
      азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
      әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіптік күзетуді;
      азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.
      6. Мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.
      7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеруді ұйымдастырсын.
      8. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.
      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімінің м.а.

Облыс әкімдігінің   
2007 жылғы 19 сәуірдегі
N 105 қаулысына қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы:

       Ескерту. Қосымша өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазанда  N 225 қаулысы

Амангелдиев
Талғат Бекмұратұлы

-

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Пелихов Владимир
Федорович

-

Солтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері :

Тоқсанбаев Ысқақ
Батайұлы

-

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті  бастығының орынбасары

Имбаева Фирая
Гумаровна

-

№1 қалалық емхананың дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрайымы

Кривошеева Зоя
Ивановна

-

облыстық аурухананың медбибісі, комиссия хатшысы,

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады