"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1970 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-102 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 , 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3.  Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің 
2007 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 1970 қаулысымен      
бекітілген          

"Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысымен бекітілген, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай жәрдемақы төлеу ережелерінің 1 тармағы 2 тармақшасы "Жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган- мемлекеттің уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері".
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - хабарлама.
      6. Мемлекеттік қызмет Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - құжаттар тапсырған сәттен бастап жиырма күн  мерзімінде қабылданады, бірақ қосымша сұратулар, тексеру жасау қажет болған жағдайда, төраға істер макетін қарау мерзімін бір айдан кем емес уақытқа ұзартуы мүмкін.
      Ескерту. 7-тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1530 қаулысымен
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін , үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары  - күту залы, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін - пандус, отыру орындары.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттар;
      3) тұрғылықты жерін куәландыратын құжаттар;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәлік;
      5) әлеуметтік жеке код беру туралы уақытша куәлік;
      6) жинақ кітапшасы немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымнан келісім;
      7) 1949-дан 1965, 1966-дан 1990 жылдарды қоса алған аралықтағы Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ полигоны аумағында тұрғаны туралы тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) және фактісін айғақтайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, селолық, поселкелік (ауылдық) Халық депутаттар кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, поселке, ауыл (село) округтарының, пәтер меншік иелері кооперативінің анықтамалары; еңбек кітапшасы, оқу орнын бітіргені туралы диплом, әскери билет, тууы туралы куәлік, әскери билет, орта білімі туралы аттестат, негізгі мектеп бітіргені туралы куәлік).
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. -ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
      Ескерту. 12-тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1530 қаулысымен
      13. Барлық қажетті өтініш бланкілері қабылдау бөлмесіндегі маманда болады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинеттер.
      15. Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан соң мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға қабылдау уақыты мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі - жеке баруы. Азаматтардың өздері баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде олар жәрдемақы төлеу туралы өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгінуге  басқа тұлғаларды уәкілет етуге құқылы.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер.
      Ескерту. 16-тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1530 қаулысымен
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз - қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды беру.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      қызмет көрсету тәртібі туралы толық және жан-жақты ақпарат алу;
      сыпайылық, жауапкершілік және кәсібилік;
      өтінішті және оған қоса берілетін белгіленген үлгідегі бланкілердің тегін алу;
      қабылданған шешім туралы хабарлама алу, қабыл алмаған жағдайда хабарламада қабыл алмау себептері көрсетіледі.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 24 кабинет.
      22. Шағым беріледі:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
      жоғары тұрған ұйымдарға;
      сот.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: жүгінудің қабылданғаны туралы талон, азаматтардың жүгінулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.

6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
      25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат - Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге ақшалай біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу мүмкіндігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады