Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы 245 "Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 75 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 10 сәуірде N 2486 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 11.04.2011 № 116 қаулысымен.
      Коммуналдық меншік объектілерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабын басшылыққа алып, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 "Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына (Атырау облысы әділет басқармасында 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 1720 болып тіркелген, облыстық "Атырау" және "Прикаспийская коммуна" газеттерінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 9 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ереженің 1-тармағында:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1431 "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» қаулысына және облыс әкімінің 2002 жылғы 30 мамырдағы шешімімен бекітілген N 440 "Атырау облысының коммуналдық меншігін басқару туралы" Ережесіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендіру туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынандай редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Меншік иесі Атырау облысы қаржы департаменті, ал Атырау қаласы мен аудандардың коммуналдық меншік объектілерін жәй енімгерлікпен басқаруға берген жағдайда - аудандар мен қала әкімияттарының қаржы бөлімдері";
      3-тармақта:
      "тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімиятымен" деген сөздер "баланс ұстаушының мемлекеттік басқару органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақта:
      "облыстық қаржы басқармасы, облыстық әділет басқармасы" деген сөздер "облыстық әділет департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері осы қаулыға және облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 қаулысымен бекітілген,"Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау Ережелеріне" сәйкес, қаржы бөлімдерінің Ережелеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
      3. Атырау облысы қаржы департаменті жәй сенімгерлікпен басқаруға берілген коммуналдық меншік объектілері бойынша шарттар мен құжаттарды Атырау қаласы және аудандар әкімияттарының қаржы бөлімдеріне беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы қаржы департаментінің сенімгерлікпен басқару жөнінде қабылдаған шарттары бойынша құқықтық мұрагері аудандар мен Атырау қаласы әкімияттарының қаржы бөлімдері болып табылады.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әкімжановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады