Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»
Заңының
27 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі
N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"
Заңының
19,
20, 23 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 17 сәуірдегі N 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін
өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа
шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"»
Жарлығын
іске асыру мақсатында облыс
әкімияты қаулы етеді
:
1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
Атырау облысы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді
әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге
қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери
қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа
дейін ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері қатарына, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді
әскери қызметке шақыру және жіберу жүргізілсін.
2. Қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау және бақылау үшін облыстық
шақыру комиссиясы құрылсын.
3. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері:
1) аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау
қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы арқылы
мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және
қамтамасыз етсін;
2) заңнамаға сәйкес қалалық және аудандық шақыру
комиссияларын құрсын;
3) облыс аудандары мен Атырау қаласында азаматтарды әскери
қызметке шақыру кестесі бекітілсін;
4) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде
медициналық куәландыру өткізу үшін жабдықталған орынжайлар,
техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдық қажетті
санын, сондай-ақ қашық жерлерде тұратын азаматтарды медициналық
және шақыру комиссиясын өту үшін облыстық жинау пунктіне жеткізу
үшін және азаматтарды облыстық шақыру комиссиясынан өту үшін
облыстық жинау пунктіне тасымалдау және әскери қызмет өткеру және
жөнелту үшін автокөліктер бөлсін;
5) азаматтарды шақыру комиссияларында медициналық
куәландырудан өткізу үшін және оларды әрі қарай әскери бөлімдерге
жіберу үшін аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне,
Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасына
келуін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар алсын;
6) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру
(жинақтау) пункттеріне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиялары
мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін
персоналдық жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысы сақталсын;
7) запасқа шығарылған әскери қызметшілердің жұмысқа
орналасуына жәрдемдессін.
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
1) шақыру кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық
дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта
медициналық персоналмен жиынтықтасын және тиісті пункттердің
кабинеттерін медициналық құрал-жабдықпен және аспаптармен
қамтамасыз етсін;
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды медициналық
тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті
орындар санын бөлсін;
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге
қалдырылған науқас жасөспірімдермен медициналық көмек жүргізуді,
сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырушыларды
есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі
жұмысын ұйымдастырсын.
5. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
1) шақыру кезеңінде шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз
ету;
2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың
орналасқан жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құру;
3) теміржол станцияларына, әскерге шақырушылар жиналатын және
жөнелтілетін орындарға күшейтілген жасақтар бөлуді қамтамасыз ету
ұсынылсын.
6. Қазақстан теміржолы»"Ұлттық компаниясы" акционерлік
қоғамының Атырау тасымалдау бөлімшесіне (келісім бойынша) Атырау
облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша)
бірлесіп, әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жерінен аудандық
(қалалық) шақыру пункттеріне дейін және кері, қызмет орнына Атырау
облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің көрсетілген
бағытына сәйкес қосымша тексеру үшін медициналық мекемелерге дейін
және кері тасымалдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына
қарамастан, ұйымдар басшыларына Атырау облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің өтінімі бойынша шақыру кезеңінде әскери
міндеттілер арасынан техникалық қызметкерлерді (ер адам), жұмыс
орны мен орташа еңбек ақысын сақтай отырып, бөлу ұсынылсын.
8. Атырау облысы Мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде
көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін және мерзімді әскери
қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуды
ұйымдастырсын.
9. Атырау облысы қаржы департаменті 2007 жылға арналған
бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақырумен байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
10. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 10 мамырдағы N№139 "2006
жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсан айларында Атырау облысы
аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды
өткізу туралы" (Атырау облысы Әділет департаментінде 2006 жылғы 23
мамырда N 2463 тіркелген, 2006 жылы 3 маусымдағы N№66 "Атырау" және
2006 жылы 3 маусымдағы N№66 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде
жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
11. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N№277 "2006
жылғы 10 мамырдағы N№139 "2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан
желтоқсанында Атырау облысы аумағында азаматтарды кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" және 2007 жылғы 27
ақпандағы N№63 "2006 жылғы 10 мамырдағы N№139 "2006 жылдың сәуір
маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында
азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулылары жойылсын.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелсін.
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының
20 сәуір 2007 жыл
N№115 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Рысғалиев Сағидолла - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
Рысғалиұлы департаментінің бастығы, комиссия
төрағасы;
Сүлейменов Ғибрат - облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық
Еркінұлы қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Нұреденов Кеңес - Атырау облысы Ішкі істер департаменті
Сәлімұлы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Исенбаева Нина - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
Михайловна департаментінің бастығының көмекшісі,
дәрігер (медициналық комиссиясының
төрайымы), (келісім бойынша);
Нұрсейітова Тамара - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
Сәнімқызы департаментінің бөлім бастығының
көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім
бойынша);
Нұржігітов Түрікпенбай - Атырау облысы Денсаулық сақтау
Нұржігітұлы департаменті директорының орынбасары;
Оңашев Мереке - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
Сәлімгерейұлы департаменті бастығының орынбасары -
шақыру (жинау) пунктінің бастығы
(келісім бойынша).