Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2012.03.28 № 30-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 кодексінің 470 бабына және Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14 бабына сәйкес IV шақырылған облыстық мәслихат III cессиясында шешім етті:
1. 2008 жылға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманпайдаланғаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Орман пайдаланғаны үшін төлемдерден түскен қаржылар
жергілікті бюджет пайдасына жіберілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.Шырдабаев) жүктелсін.
4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп,алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат III сессия
төрағасы мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 43-IV шешіміне қосымша
2008 жылға мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Р/саны |
Пайдалану түлері |
Өлшем бірлігі |
Төлем ставкалары |
1 |
Шөп шабу және мал жаю |
теңге/га |
315 |
2 |
Мәдени сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін: |
теңге/га |
6300 |
- оның ішінде, инвестиция тарта отырып, туризмді дамытумен айналысатын орта және шағын бизнес саласына |
теңге/га |
1890 |