Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.06.03 N 162 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30
маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын
бекіту туралы", Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 15
қыркүйектегі N№257 "Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті
жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы" және
Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау
облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен
регламентін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің "Миссионерлік
қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ.Қайненовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсан
N№297 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Есептік тіркеу бүл Қазақстан Республикасының аумағында
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есептік
тіркеуге қою. Миссионерлік қызметті есептік тіркеусіз жүзеге
асыруға тыйым салынады.
2. Осы мемлекеттік қызметті көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды
есептік тіркеу келесі заңнама негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы 4 "Діни
сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңының 4-1
бабының, 1,2 тармақшалары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы
N 136 "Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуін
құқықтың реттеудің жекелеген мәселелері туралы" қаулысы.
3) Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 257
"Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы" қаулысы.
4. Осы мемлекеттік қызметті Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің саяси партиялар және діни бірлестіктермен жұмыс
жөніндегі бөлімі ұсынады. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі, 77 үй, веб-сайт e-atyrau.kz.
5. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын
есептік тіркеуге алу туралы куәлік осы мемлекеттік қызметтің
қорытындысы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету барысында уақыт бойынша
шектеу мерзімі:
1) осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жеке тұлғалардың
жазбаша өтініштері тіркелген күннен бастап 7 күннің ішінде;
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу
кезінде т.с.с) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі күтуге рұқсат
берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут.
8. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар және діни
бірлестіктермен жұмыс бөлімінің фойесінде (стендте) орналасқан,
"Атырау", "Прикаспийская коммуна" газеттерінде, Атырау облысы Ішкі
саясат департаментінің веб сайтында e-atyrau.kz. жарияланған.
10. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің жұмыс кестесі: 109
кабинетте құжаттар қабылдау күн сайын сағат 8.30 ден 18.00 ге
дейін, үзіліс сағат 12.30ден 14.00 ге дейін. Демалыс күндері: сенбі,
жексенбі.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету жоқ.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мекен-жайы: Атырау қаласы,
Әйтеке би көшесі, 77 үй, 109 кабинеті.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Атырау облысы
Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар және діни
бірлестіктермен жұмыс бөліміне келесі тізбеге сай қажетті
құжаттарды ұсынады:
1) ұстанатын дiнi, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi
көрсетiлген өтiнiш;
2) миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк
берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесі және ұйымның
байланыс деректері (жұмыс және қабылдау кестесі, мекен жайы,
телефондары);
3) тiркеу туралы куәлiктiң немесе миссионер оның атынан
өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің өз елiнiң заңдарына сәйкес ресми
тiркелгендiгiн куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi және
жоғарыда аталған құжатты ұсынатын ұйымның байланыс деректері (жұмыс
және қабылдау кестесі, мекен жайы, телефондары);
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктің
жiберген шақыруы және ұйымның байланыс деректері (жұмыс және
қабылдау кестесі, мекен жайы, телефондары);
5) миссионерлік қызметке арналған әдебиет, дiни мақсаттағы
аудио-бейне материалдар және (немесе) өзге де заттар.
13. Арыз белгіленген үлгіде толтырылады.
14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін берген
өтініштері мен басқа да құжаттары Атырау облысы Ішкі саясат
департаменті директорының қабылдау бөлмесінде қабылданады, Атырау
қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, 104 кабинет, тел: 35-40-88.
15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін
әкімшілік бөлімінің қызметкері осы мемлекеттік қызметті алатын күні
қойылған арыздың екінші данасына қол қояды.
16. Миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды
есептік тіркеу жөніндегі куәліктің берілуі Атырау облысы Ішкі
саясат департаментінің саяси партиялар және діни бірлестіктермен
жұмыс бөліміне тұтынушының жеке баруы кезінде жүзеге асырылады,
мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, 109 кабинет.
17. Жеке тұлғаларға осы мемлекеттік кызметті ұсынудан бас
тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында болуға арналған визасы
жоқ шетел адамдары;
2) қажетті құжаттары жоқ адамдар.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің мамандары тұтынушыға
қызмет көрсету кезінде келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты
ақпараттар беру;
2) ақпараттық сақталуын қамтамасыз ету;
3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының
қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы
Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерімен өлшенеді ("Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерінің мәні" кестесі).
20. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің жұмысы бағаланатын
мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің
мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің директоры түсіндіреді, 102 кабинет, телефоны:
27-08-96.
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің аталмыш мемлекеттік
қызметті көрсету барысындағы шешіміне жеке тұлғалардың сот тәртібі
арқылы шағымдану мүмкіндіктері бар.
22. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының атына
жазылған шағымдар әкімшілік бөлімінде тіркеледі, 104 кабинет,
тел.: 35-40-88.
23. Шағымдардың қабылданғандығын растайтын құжат тіркеу
журналында тіркелген, берілген шағымға жауап алынатын орны
көрсетілген шағымның екінші данасына қойылған қол болып табылады.
Шағымдардың қаралу барысы туралы мына байланыс телефоны арқылы
білуге болады: 35-40-88.
6. Байланыс ақпараты
24. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің байланыс
деректері. Пошталық мекен-жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі,77.
Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының телефоны:
35-40-88.
Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директоры
орынбасарының телефоны: 27-08-96.
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің саяси партиялар
және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі мамандарының телефоны:
27-08-99.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.30ден 18.00ге дейін, үзіліс
12.30ден 14.00-ге дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жеке тұлғаларды қабылдау күндері: Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің директоры: әр айдың 3-ші бейсенбісі сағат 15.00ден
18.00ге дейін; Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының
орынбасары: жұма сайын сағат 10.00ден 13.00ге дейін.
Жоғарғы органның байланыс мәліметтері Атырау облысы әкімінің
аппараты: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: 35-45-08,
факс:35-40-30.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің веб-сайтына e-atyrau.kz. енгізілген.
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсан 297
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
90 |
85 |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85 |
80 |
75 |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
90 |
90 |
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділігі |
|||
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
90 |
90 |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
80 |
75 |
65 |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
50 |
45 |
40 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылуға негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
95 |
90 |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
90 |
90 |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
90 |
90 |
5. Әдептілігі |
|||
5.1. Қызметкерлердің |
90 |
90 |
90 |