Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің "Атырау облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 301 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 қаңтарда N 2515 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 18.02.2010 № 37 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
стандартын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 29 шілдедегі N 843 "Қазақстан Республикасында таратылатын
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту
туралы" және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы 224
"Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен
регламентін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес облыс әкімияты қаулы
етеді:
      1. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің "Атырау
облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға
рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес
бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ. Қайненовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Рысқалиев

Облыс әкімиятының   
2007 жылғы 24 желтоқсан 
N 301 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің "Атырау облысы аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарды таратуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі БАҚ) -
тұрақты атауы мен ағымдағы номері бар шетелдік мерзімдік баспа
басылымдары (газет, журнал, альманах, бюллетень олардың
қосымшалары) шетелдік теле-радио, бейне - кинохроникалық бағдарлама
(мерзімі дыбысты көрмені хабарламалар мен хабарлар жиынтығы).
      Шетелдік БАҚ-ын есепке алу туралы анықтама - белгіленген
түрдегі сәйкес таратушыға белгіленген таратылу аумағында
таратылатын шетелдік БАҚ-ның атауы тізбесі бар шетелдік атқарушыда
және орган беретін құжат.
      2. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрі
автоматтандырылмаған.
      3. Атырау облысының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарын таратуға рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысымен бекітілген "Қазақстан
Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу ережесін бекіту туралы" негізінде беріледі.
      4. Осы мемлекеттік қызметті Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,
77, 105 кабинет, мекен жайында орналасқан веб-сайт e-atyrau.kz.
Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімі.
      5. Аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі шетелдік
БАҚ-ын есепке алу туралы анықтаманы алу болып табылады.
     6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
      7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету барысында уақыт бойынша
шектеу мерзімі:
      1) осы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі жеке тұлғалардың
жазбаша өтініштері тіркелген күннен бастап 15 күннің ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу
кезінде т.с.с) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі күтуге рұқсат
берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут.
      8. Осы мемлекетік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Атырау облысы
Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-ы мониторингі
бөлімінің фойесіндегі стендте көрнекі ақпарат көзінде орналасқан
мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, 105 кабинет,
веб-сайты: е-atyrau. кz.
        10. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат
және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің жұмыс
кестесі: күн сайын сағат 8.30-ден - 18.00 сағатқа дейін, түскі
үзіліс сағат 12.30-ден - 14.00 сағатқа дейін. Демалыс күндері:
сенбі, жексенбі.
      Жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін алдын
ала жазылу, жедел қызмет көрсету жоқ.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орны: Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі, 77, Ішкі саясат департаменті 105 кабинет,1-қатар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін таратушы Атырау облысы
Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық
ақпарат құралдарының бөліміне келесі тізбеге сәйкес қажетті
құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) Шетелдік БАҚ-ын есепке алу туралы арызда мыналар
көрсетілуі тиіс:
      арыз берілетін аумақтық органның атауы;
      таратушының (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға) мәртебесі,
оның ұйымдық-құқықтық түрі, атауы (фамилиясы, аты және әкесінің
аты), мекен-жайы (тұрғылықты жері);
      облыс (қала) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының атауының толық тізбесі;
      шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының таралу аумағы;
      таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тілі
(тілдері);
      таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі
тақырыптың бағыты;
      мерзімді таратылатын шетелдік басылымдардың болжамды
таратылатын данасының саны, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының
хабарларын ретрансляциялау көлемі;
      2) таратушы жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін құжаттың көшірмесі.
      3) заңды тұлғалар (филиал немесе өкілдік) үшін таратушы заңды
тұлғаның (филиал немесе өкілдіктің) мемлекеттік тіркеу (есепке алу)
туралы куәлігінің көшірмесі.
      13. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің ақпараттық
саясат және БАҚ-на мониторингі бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетуге
қажетті арыз беретін орын болып табылады, 105 кабинет; веб-сайты: 
e-atyrau.kz.
      14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін берген
өтініштері мен басқа құжаттары Атырау облысы Ішкі саясат
департаменті директорының қабылдау бөлмесінде қабылданады, 104
кабинет, тел: 35-40-88.
      15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін
ішкі саясат департаментінің маманы осы мемлекеттік қызметті алатын
күні қойылған арыздың екінші данасына қол қояды.
      16. Шетелдік БАҚ-ның есепке алынғаны туралы анықтама
таратушының жеке өзінің қатынасуымен Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат
құралдарының мониторингі бөлімінде жүзеге асырылады, мекен-жайы:
Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, 105 кабинет.
      17. Жеке тұлғаларға осы мемлекеттік кызметті ұсынудан бас
тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында осы шетелдік БАҚ
таратуға тыиым салу; 
      2) қажетті құжаттары жоқ адамдар.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің ақпараттық
саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің
мамандары тұтынушыға қызмет көрсету кезінде келесі жұмыс
қағидаттарын басшылыққа алады:
      1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты
ақпарат беру;
      2) ақпараттық сақталуын қамтамасыз ету;
      3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын
және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижесі

      19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы
Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерімен өлшенеді. ("Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерінің мәні" кестесі).
      20. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің ақпараттық
саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің
жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен
қолжетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы
құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағым беру тәртібі

      21. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің ақпараттық
саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Ішкі
саясат департаментінің директоры түсіндіреді, 102 кабинет,
телефон: 35-40-88.
      Атырау облысы Ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат және
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің аталмыш
мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы шешіміне жеке тұлғалардың
сот тәртібі арқылы шағымдана алады.
      22. Шағымдар Атырау облысы Ішкі саясат департаменті
директорының атына №104 кабинетте беріледі, байланыс телефоны:
35-40-88. \
     23. Шағымның қабылдағандығын растайтын құжат тіркеу журналына
тіркелген, берілген шағымға жауап алынатын орны көрсетілген
шағымның екінші данасына қойылған қол болып табылады. Шағымдардың
қаралу барысы туралы мына байланыс телефоны арқылы білуге
болады: 35-40-88.

6. Байланыстық ақпарат

      24. Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің байланыс
деректері. Пошталық мекен-жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі, 77.
      Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының телефоны:
35-40-88
      Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының
орынбасарының телефоны: 27-08-96.
      Атырау облысы Ішкі саясат департаменті бұқаралық ақпарат
құралдарының мониторингі бөлімі мамандарының телефоны: 27-08-98.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8.30-ден, сағат 18.00-ге
дейін, үзіліс 12.30-ден сағат 14.00-ге дейін.
      Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      Жеке тұлғаларды қабылдау кестесі: Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің директоры: әр айдың 3-ші бейсенбісі сағат 15.00-ден
сағат 18.00-ге дейін; Атырау облысы Ішкі саясат департаменті
директорының орынбасары: жұма күні сағат 9.30-ден сағат 12.30-ге
дейін.
      Жоғары тұрған органның байланыс мәліметтері Атырау облысы
әкімінің аппараты: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77,
тел.: 35-45-08, факс: 35-50-30.
      25. Тұтынушылар үшін басқа пайдалы ақпарат Атырау облысы Ішкі
саясат департаментінің веб-сайтына е-atyrau.kz. енгізілген.

Облыс әкімиятының    
2007 жылғы 24 желтоқсан 
N 301 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету 
стандартына қосымша   

Кесте
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

90

85

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

80

75

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділігі

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

75

65

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

45

40

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0,5

0,5

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылуға негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

95

90

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

9

5. Әдептілігі

5.1.Қызметкерлердіңәдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады