Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен ОҚО мәслихатының 2007 жылғы 13 наурыздағы N 31/354-III шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 15 наурыздағы N 98 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 21 наурызда N 1953 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының 11 бабына  сәйкес Шымкент қалалық және Сайрам аудандық мәслихаттары және әкімияттарының ұсыныстары негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Шымкент қаласының әкімшілік шекарасына Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының жалпы көлемі 4640,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Шымкент қаласының және Сайрам ауданының шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады