Түркiстан қаласының және бiрқатар ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі N 34/387-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2007 жылғы 23 шілдедегі N 224 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылы 27 шілдеде N 1961 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң  108-бабына , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11-бабына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi, Түркiстан қалалық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң ұсыныстары негiзiнде Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       

1. Түркiстан қаласының әкiмшiлiк шекарасына Қарашық, Ораңғай Шаға, Иассы ауылдық округтерiнiң жерiнен жалпы алаңы 14168,0 га қосылуымен қосымшаға сәйкес Түркiстан қаласы мен аталған ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн.

      2. Шорнақ, Жүйнек, Жаңа Иқан, Ескi Иқан, Үшқайық, Сауран, Бабай-Қорған, Қарашық, Ораңғай, Шаға, Иассы ауылдық округтерiнiң Түркiстан қаласына әкiмшiлiк бағыныстылығы сақталынсын.

      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкiмi

      Облыстық мәслихат
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады