"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандағы меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Алимханов) мекеме және кәсіпорындарда мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Асқаровқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Әлиев |