Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 31 қазандағы N 2-25/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 28 қарашада N 14-10-70 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 29-273/IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010.03.18 N 29-273/IV шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15-маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшада тіркелген Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін (қоса тіркеледі).
      2. Сайрам аудандық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі туралы" 2003 жылғы 30 маусымдағы N ХХV-211 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 931 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамызда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      3. Бұл шешім ресми жариялансын және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Р. Шадиев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Тулендиев

Сайрам аудандық мәслихатының
2007 жылғы 31 қазандағы
N 2-25/IV шешімімен бекітілген

      Сайрам ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес жасалды.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызмет, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) және тұтыну түбіртектері отбасының жиындық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Бекітілген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер үшін төлемді азаматтар жалпы негіздерде жүргізіледі.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй көмегін тағайындауда, есеп кондоминиум объектісі мүшесінің тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі.

      2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты

      4. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына және меншік нысанына қарамастан (жеке тұрғын үйді ұстаудан қарамастан) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегі:
      а) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін пайдалануға;
      б) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған I, II топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтіп бағып отырған немесе 3 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
      6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін, байланысты қызметтерін тұтыну үшін төлемақы тұрғын үйді меншік иесіне есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретінде беріледі.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі ақшалай түрде тұтынушының Халық банкісінің филиалындағы есеп шотына жіберіледі немесе жиналыс шешіміне сәйкес алушылар тізімі бойынша кондоминиум объектісін басқарушы органның жинақ есебіне жіберіледі.
      7. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі пайдаланылатын жеңілдіктеріне қарамастан үлестеріне сәйкес беріледі.
      8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
      9. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
      10. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
      Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі бөлімін 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау бөліміне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін меншік иесі бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңды тәртіппен қайтарылуға жатады, меншік иесі бас тартқан жағдайда төленген соманы қайтару сот тәртібімен шешіледі.
      12. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

      3-тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерді, байланыс қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегі құжаттарының негізінде қабылдайды:
      1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама, жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
      3) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар);
      4) жекешелендіру туралы шарты немесе ордері (пәтердің немесе үйдің жоспары);
      5) телекоммуникация желісінің абоненттері екендігін растайтын шарт;
      6) көмек тағайындалатын мезгілге барлық коммуналдық қызмет түрлеріне және байланыс қызметіне төлеген шығындарының түбіртектері (квитанция);
      7) балалардың туу туралы, неке туралы, немесе бұзылғандығы туралы N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері;
      8) жеке куәлігі (түпнұсқа, көшірме);
      9) СТК (түпнұсқа, көшірме);
      10) ӘЖК (түпнұсқа, көшірме);
      11) жинақ кітапшасы - көшірмесі.
      Кондоминиум объектісінің басқарушысынан:
      1) кондоминиум объектісінің мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      2) жоба институтынан өткен, мөрмен куәландырылған, әрбір жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      3) кондоминиум мүшесінің статусын растайтын құжат-кондоминиум мүшесінің үлес мөлшері көрсетілген техникалық паспорты;
      4) әрбір кондоминиум мүшесіне мөрмен куәландырылған кондоминиум басқарушысының мүшесі;
      5) Тұрғын жай меншік иесінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жарна төлегендігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама.
      14. Тұрғын үй көмегіне үміткерлер нақты емес (жалған) ақпараттар тапсырған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі жасаған сұранысқа заңды және жеке тұлғалар кіріс туралы ақпараттарды ұсынуға тиісті.
      15. Тұрғын үй көмегі:
      1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері  негізінде және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының  жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі;
      2) абоненттік ақы тарифінің арттырылуы бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды;
      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына өтемақы тұрғын үй көмегінің мөлшері толық көлемде өтеледі.
      Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, өлі туылған баланы жерлеуге берілетін бір реттік төлемақыдан басқа) кіреді.

      4-тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады (байланыс қызметін тұтынудан басқа) байланыс қызметін тұтынуға төленетін қаржы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      17. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұсынған деректер негізінде жүргізіледі. Байланыс қызметін тұтыну бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының деректері негізінде жүргізіледі.
      18. Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде берілетін көмектің сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және айсайын Сайрам аудандық қаржы бөлімінің бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттілікті тапсырады, байланыс қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жүргізіледі. Аудандық қаржы бөлімі, облыстық уәкілетті орган аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының арнайы есеп шоттарына жібереді, ол өз кезегінде көмек алушылардың "Қазақстан халық банкі" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бөлімшелеріндегі есеп шоттарына атаулы түрде аударады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады