"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақбұлақ ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 26,0 гектар жер телімі, оның ішінде: Ақбұлақ елді мекенінен 3 гектар, Өтеміс елді мекенінен 15 гектар, Шапырашты елді мекенінен 8 гектар алынып, аталған елді мекендердің шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 26,0 гектар жер телімі қосылып, Ақбұлақ, Өтеміс, Шапырашты елді мекендерінің шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Әлі
Сессия төрағасы Р. Шадиев
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Тулендиев