Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2010.05.26 N 2163/02 хатымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 22 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібін белгілеу туралы" N 23/11 мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-12 нөмерімен тіркелген, "Шамшырақ" газетінің 07.01.2006ж. N 4 ресми жарияланған шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Нұранов
Түлкібас аудандық мәслихаттың хатшысы С. Қалдыкөзов
Түлкібас аудандық мәслихатының
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 3/8-04 шешімімен бекітілген
Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес жасалды.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылды. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызмет, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтем ақы жүргізу үшін беріледі.
2. Тұрғын үй көмегі Түлкібас ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) және тұтыну түбіртектері отбасының жиындық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Бекітілген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтеріне ақы төлем және минимум нысандарының (объектісінің) ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеуді азаматтар жалпы негіздерде жүргізіледі.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүмкін күрделі жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй тағайындауда, есеп кондоминиум объектісі мүшесінің тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі. Тұрғын үй көмегіне өтемақы оның көлеміне қарамастан бір жолғы төлемақы түрінде жүргізіледі.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты
4. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалданушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі:
1) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін пайдалануға;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, жобалық-сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттік экспертизалық жұмыстардың шығындарына кондоминиум мүшелерінің үлестеріне сәйкес өтемақы жүргізу үшін беріледі.
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған І, ІІ топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80-жастан асқан қарт адамдарды күтіп бағып отырған немесе 7 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін, байланысты қызметтерін тұтыну үшін төлемақы тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелген сомамен салыстырғанда беріледі.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі ақшалай түрде тұтынушының Халық банкісінің филиалындағы есеп шотына жіберіледі немесе жиналыс шешіміне сәйкес алушылар тізімі бойынша кондоминиум объектісін басқару органның жинақ есебіне немесе үш жақты келісім-шарты бойынша құрылыс жүргізуші мердігер мекеменің есеп шотына жіберіледі.
7. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі пайдаланылатын жеңілдіктеріне қарамастан үлестеріне сәйкес беріледі.
8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайталанып отырады.
9. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдем ақысы тағайындалмайды.
10. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін (13 желтоқсанға дейін) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, от басының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізіледі.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген тұрғын үй көмегі бөлімін 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Тұрғын үй көмегін тағайындау бөліміне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы (меншік иесі) бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңды тәртіппен қайтарылуға жатады, меншік иесі бас тартқан жағдайда төленген соманы қайтару сот тәртібімен шешіледі.
12. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерді, байланыс қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегі құжаттарының негізінде қабылдайды:
1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші;
2) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Түлкібас ауданы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі берген жеке меншігіндегі тұрғын жай (пәтер) саны туралы анықтама;
3) отбасы құрамы туралы анықтама, жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтер жоспары т.б.);
5) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар отбасылар үшін);
6) аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын шарт;
7) көмек тағайындалатын мегзілге барлық коммуналдық қызмет түрлеріне және байланыс қызметіне төлеген шығындарының түбіртектері (квитанция);
8) балалардың туу туралы, неке туралы немесе бұзылғандығы туралы N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері;
9) жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары;
10) СТК (түпнұсқа, көшірме);
11) ӘЖК (түпнұсқа, көшірме);
12) жинақ кітапшасы-көшірмесі.
14. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттар.
1) кондоминиум объектісінің мүшесі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
2) сараптамадан өткен, жобалау және сараптамадан өткізетін мекемелердің мөрлерімен куәландырылған, көп пәтерлі үйлерді күрделі жөндеу түрлері бойынша жобалау сметалық құжаттама түп нұсқа көшірмесі түріне есептік сметалық құжат;
3) жекеменшік иесі мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекеменің өзара жасасқан шартының көшірмесі;
4) кондоминиум мүшесінің статусын растайтын құжат-кондоминиум мүшесінің үлес мөлшері көрсетілген техникалық паспорты;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуден өткізгеннен кейінгі қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарнамаларды) төлегендігі туралы анықтама ұсыныс.
15. Тұрғын үй көмегіне үміткерлердің ақпараттарына күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі жасаған сұранысқа заңды және жеке тұлғалар кіріс туралы ақпараттарды ұсынуға тиісті.
16. Тұрғын үй көмегі:
1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және осы отбасының бұл мақсаттарға жасайтын шығындарының өтемі жол беруге болатын шекті деңгейі бойынша нақты түбіртектер негізінде көрсетіледі;
2) абоненттік ақы тарифінің арттырылуы бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, жобалық сметалық және мемлекеттік экспертизалық жұмыстар шығынына өтемақы есебімен толық көлемде өтеледі.
Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі мен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдем ақы және өлі туылған баланы жерлеуге берілетін бір реттік төлем ақыдан басқа) кіреді.
4-тарау. Үй көмегін қаржыландыру көздері
17. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады (байланыс қызметін тұтынудан басқа). Байланыс қызметін тұтынуға төленетін қаржы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
18. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұсынған деректен негізінде жүргізіледі. Байланыс қызметін тұтыну бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының деректері негізінде жүргізіледі.
19. Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде берілетін көмектің сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және ай сайын Түлкібас ауданының қаржы бөлімінің бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттілікті тапсырады, байланыс қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жүргізіледі. Аудандық қаржы бөлімі, облыстық уәкілетті орган аталған қаржыны еңбек және халықты қорғау басқармасының арнайы есеп шоттарына жібереді, ол өз кезегінде көмек алушылардың "Қазақстан халық банкі" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бөлімшелеріндегі есеп шоттарына атаулы түрде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарын қоспағанда аударады.