"18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 93 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 255 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 24 қазанда N 2457 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 23-баптарына сәйкес 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, кадрлық өзгерістерге байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 93 қаулысына (2007 жылғы 16 мамырдағы тіркеу нөмірі 2446, 2007 жылғы 24 мамырдағы N 55 "Дидар" және 2007 жылғы 24 мамырдағы N 75-76 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) "18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды 2007 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 93 қаулыға өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 13 тамыздағы N 210 қаулымен (2007 жылғы 20 тамыздағы тіркеу нөмірі 2454, 2007 жылғы 8 қыркүйекте N 109-110 "Дидар" және 2007 жылғы 8 қыркүйекте N 135 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) енгізілген өзгерістер есепке ала отырып, мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қосымшада:
      облыстық шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:

Сарсымбаев Виктор Рашидұлы
облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары - ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының бастығы, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы 
Қасенов Берікбол Телеуханұлы
облыстың ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)

      Мұқашев Қадірәлі Мұқашұлы, Бақтыбаев Жанарбек Телюбекұлы аталған облыстық шақыру комиссиясының құрамынан шығарылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қазаннан қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі

      КЕЛІСІЛДІ: 
      Облыстың ішкі істер
департаментінің бастығы
      Облыстың қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығының бірінші
орынбасары - ұйымдастыру-жұмылдыру
басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады