Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Үржар аудандарының және Зырян ауданы-Зырян каласының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 324 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ІІІ сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 3/40-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 21 қаңтарда N 2470 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6 - бабы  1 - тармағы 4) тармақшасына,  27-бабының  2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3,   8   және  11-бабтарына  сәйкес Күршім, Үржар аудандарының және Зырян ауданы-Зырян қаласының аудандық мәслихаттарының және әкімдіктерінің бірлескен шешімдері мен қаулыларын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) төмендегі елдi мекендер есептiк деректерден алынып, ауыл категориясынан шаруа қоныстары категориясына ауыстырылсын:
      Күршім ауданының Теректі ауылдық округінің Ашалы ауылы, Қалғұты ауылдық округінің Еңбек ауылы, Маралды ауылдық округінің Сарытау және Алтай ауылдары, Сарыөлең ауылдық округінің Аманкелді ауылы, Төсқайың ауылдық округінің Верхняя Еловка ауылы;
      2) төмендегі елдi мекендер есептiк деректерден алынып, ауыл категориясынан өзге қоныстар категориясына ауыстырылсын:
      Үржар ауданының Шолпан ауылдық округінің Откорм және Қостерек ауылдары, Қаратал ауылдық округінің Атығай ауылы; 
      Зырян ауданы-Зырян қаласының Березовский ауылдық округінің Алтынсай ауылы, Парыгино ауылдық округінің Теплый Ключ ауылы, Северный ауылдық округінің Кировск ауылы;
      3) жоғарыда аталған шаруа және өзге қоныстардың халқы мынадай ауылдардың құрамына енгізілсін:
      Күршім ауданының Ашалы шаруа қонысының халқы Теректі ауылдық округінің Теректі ауылының құрамына, Еңбек шаруа қонысының халқы Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылының құрамына, Маралды ауылдық округінің Сарытау шаруа қонысының халқы Үшбұлақ ауылының құрамына және Алтай шаруа қонысының халқы Маралды ауылының құрамына, Амангелді шаруа қонысының халқы Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең ауылының құрамына, Верхняя Еловка шаруа қонысының халқы Төсқайың ауылдық округінің Қарағайлыбұлақ ауылының құрамына;
      Үржар ауданының Откорм және Қостерек қоныстарының халқы Шолпан ауылдық округінің Шолпан ауылының құрамына, Атығай қонысының халқы Қаратал ауылдық округінің Каратал ауылының құрамына;
      Зырян ауданы-Зырян қаласының Алтынсай қонысының халқы Березовский ауылдық округінің Восточный ауылының құрамына, Теплый Ключ қонысының халқы Парыгино ауылдық округінің Баяновск ауылының құрамына, Кировск қонысының халқы Северный ауылдық округінің Феклистовка ауылының құрамына;
      4) тұрғындардың барлығының басқа елді мекендерге көшіп кетуіне байланысты Үржар ауданының Қарақөл ауылдық округінің Әбеу ауылы таратылсын және есептік деректерден алынып тасталсын; 
      5) Үржар ауданының мынадай әкімшілік - аумақтық бірліктері қайта аталсын:
      Аксаковка ауылдық округінің Аксаковка ауылының атауы Көлденең ауылына; 
      Аксаковка ауылдық округінің атауы Көлденең ауылдық округіне.
      2. 2007 жылғы 16 қазандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың N2/18-IҮ шешімінің және "Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Үржар аудандарының және Зырян ауданы-Зырян қаласының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 16 қазандағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі N 268 қаулысының күші жойылсын. 
      3. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады