Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 385 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 01 ақпанда N 2472 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010.12.30 № 682 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына, "«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарай келе, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығын қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, Шығыс Қазақстан облысында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы, оның ішінде:
      Риддер қаласының жерлерінде - "Орман шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Орман шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ("Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесі, 163 километрден 191 километрге дейін) жерлерінің, босалқы жерлердің учаскелері;
      Зырян ауданының жерлерінде - "Орман шаруашылығының Зырян мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі, "Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі жерлерінің учаскелері;
      2) Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының мөлшерлері мен шекаралары қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес (1-қосымша);
      3) Қорықтың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес;
      4) "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесінде (163 километрден 191 километрге дейін) қорғау аймағын пайдалану режимі (2-қосымша).
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В. Белихинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Келісілді

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық
      басқармасының бастығы

      Қазақстан Республикасы Көлік
      және коммуникациялар министрлігі
      Көлік инфрақұрылымын дамыту
      комитетінің Шығыс Қазақстан
      облыстық басқармасының бастығы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына 1 қосымша

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының
өлшемдері мен шекаралары

      Ескерту. 1 қосымша жана редакцияда – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.09.10 № 214 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қорғау аймағының жалпы аумағы – 22475 гектар, оның ішінде Риддер қаласының жерлерінде – 14318 гектар, Зырян ауданының жерлерінде – 8157 гектар.
      2. Риддер қаласының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) солтүстік – батыс шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 10218 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті – 520,4 гектар, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиісті – 1,3 гектар, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесіне («Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы» А-9 автожолы) тиісті – 101,3 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 3102 гектар, қосалқы жерлерге тиісті – 375 гектар жерлер кіреді.
      3. Зырян ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 610 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 7547 гектар жерлер кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 385 қаулысына 2-қосымша

"Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" А-9 автожолының учаскесінде
(163 километрден 191 километрге дейін) қорғау аймағын пайдалану
режимі

      1. Қорық аумағы арқылы өтетін автожол учаскесі бойынша жол жүргенде Қорық қорғау мемлекеттік инспекторларының талабы бойынша тоқтау және қарау үшін құжаттарды, автокөлікті және тасымалданатын жүкті көрсету.
      2. Қорық аумағы арқылы өтетін автожол бойынша жол жүргенде белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтау.
      3. Техникалық ақау жағдайларынан басқа, көлік құралдарының тоқтап тұруы мен тұрақтауы арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат етіледі.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың қапталған қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды алып жүруі рұқсат құжаттары және қорық әкімшілігінің рұқсаты болғанда рұқсат етіледі.
      5. Қорық арқылы өтетін автожолда жол-құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу әкімшілікпен келісіледі.
      6. Қорық арқылы автокөлікпен жол жүргенде немесе жаяу өткенде төмендегілерді болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау:
      1) автожолдан арнайы мақсаттағы жолдарға түсу және автожолға бөлінген жолақтан шығу;
      2) режиммен белгіленбеген уақыттағы автокөлік қозғалысы;
      3) автокөліктің дыбысты сигналдар беруі, айғай, ысқыру, ату және басқа да шу шығаратын іс-қимылдар;
      4) автомобильдерді жуу және су көздерін ластау;
      5) автожол жолағының бойында тұрмыстық және басқа да қалдықтарды қалдыру;
      6) ағаштар мен бұтақтарды кесу, өсімдіктер, жидектер, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды жинау;
      7) аң аулау және балық аулау;
      8) шөп шабу және мал жаю.

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық
      басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады