Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 13/3 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 394 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласының аумағында салық салу объектісінің өлшемінен тіркелген жиынтық салығының мөлшері белгіленсін.
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы" 2006 жылғы 23 қазандағы N 27/4 (тіркеу N 5-1-46, 2006 жылғы 23 желтоқсандағы "Дидар" газетінің N 127-128 және 2006 жылғы 26 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газетінің N 199 сандарында жарияланған) және "Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы" 2006 жылғы 23 қарашадағы N 27/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 шілдедегі N 35/7 (тіркеу N 5-1-66, 2007 жылғы 4 қыркүйектегі "Дидар" газетінің N 107 және 2007 жылғы 6 қыркүйектегі "Рудный Алтай" газетінің N 133-134 сандарында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 3/4 шешіміне қосымша
Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы
N |
Салық салу объектілері |
С тавка лардың мөлшер лер і |
1 |
Ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы |
100 АЕК |
2 |
Ойынды бірнеше ойыншымен жүргізуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы |
120 АЕК |
3 |
Ойынды жүргізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
20 АЕК |
4 |
Ойын жолы /боулинг, кегельбан/ |
270 АЕК |
5 |
Карт |
25 АЕК |
6 |
Бильярд үстелі |
200 АЕК |
*АЕК - айлык есептеме көрсеткіші.