Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарымен (1 экранға) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жиынтық тіркеу салығын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатыңың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 3-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қаңтарда N 5-5-63 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатыңың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатыңың 2008.12.25 N 10-5 шешімімен.
      
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
      1. Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салық Кодексінің 394-бабына сәйкес ақшасыз ұтыс ойын автоматтарымен (1 экранға) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жиынтық тіркеу салығының жылдық ставкасы 2008 жылға 10 (он) еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 33-5 “Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарымен (1 экранға) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің жиынтық тіркеу салығын белгілеу туралы” (19.01.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-43, “Абай елі” № 2 (010) 15-31 қаңтар, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      
      Сессия төрағасы                            М. Әубәкірұлы
      
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                        Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады