Жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатыңың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 3-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қаңтарда N 5-5-64 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14-6 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 14-6 шешімімен.
      
       “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ салық Кодексінің 491-бабының 2-тармағына және “Жарнама туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңына сәйкес жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспоранттар, афишалар түрінде сыртқы (көрнекті) жарнамалар объектілерін орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектілеріне (бір жағына) құқық үшін бір күнтізбелік айға төлем ақы ставкасы белгіленсін.
      2. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, 2008 жылдың 1 қаңтар айынан жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы төмендегідей болып белгіленсін:
      а) Бір шаршы метрге дейінгі және бір шаршы метрді қоса алғанда: ставкасы-бір айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызы;
      б) Бір шаршы метрден жоғары, екі шаршы метрге дейін: ставкасы – бір айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы;
      в) Екі шаршы метрден жоғары: ставкасы-екі шаршы метрден асқан, әр шаршы метрі үшін бір айлық есептік көрсеткіштің 30 пайызы.
      3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 33-6 “Жарнамалар орналастыру объектілеріне төлем ақы мөлшерінің ставкасы туралы” (19.01.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-44, “Абай елі” № 2 (010) 15-31 қаңтар, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      
      Сессия төрағасы                        М.Әубәкірұлы
      
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                   Т.Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады