Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 14-6 шешімімен.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салық Кодексінің 373-бап, 2-ші бөліміне сәйкес бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары бекітілсін.
2. 2008 жылдың 1 қаңтар айынан бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін талон ставкалары төмендегідей болып белгіленсін:
1) Халық тұтынатын тауарларды базарларда сататындар үшін:
а) Азық-түлік, киім сатқандар үшін 1 м2 - 120 теңге;
б) Ұсақ-түйек сатқандар үшін 1 м2 – 60 теңге;
в) Жүк көтерімдігі-5тн. дейінгі жүк машинасымен сауда жасағандар үшін - 250 теңге;
г) Жүк көтерімдігі-5тн.жоғары жүк машинасымен сауда жасағандар үшін-500 теңге;
д) Жеңіл машинамен сауда жасағандар үшін-300 теңге;
е) Ұсақ мал етін сатқандар үшін-250 теңге;
ж) Ірі қара мал етін сатқандар үшін-350 теңге;
з) Ірі қара мал сатқандар үшін (1-басқа) – 350 теңге.
и) Ірі қара малды базардан тыс жерде сатқандар үшін (1-басқа) – 800 теңге;
к) Ұсақ мал сатқандар үшін (1-басқа) – 200 теңге;
л) Ұсақ малды базардан тыс жерде сатқандар үшін (1-басқа) – 300 теңге;
м) Сүт сатқандар үшін – 50 теңге;
н) Қымыз сатқандар үшін – 150 теңге;
2) Жолаушы және жүк тасмалдайтындар үшін:
а) Жеңіл автокөліктерімен жолаушы тасымалдайтындар үшін - 100 теңге;
б) 12 орынға дейін (микроавтобус) – 400 теңге;
3) Кәсіпкерліктің басқа да түрімен айналысатындар үшін:
а) Базардан тыс жерлерде бақша өнімдерін сатқандар үшін - 200 теңге;
б) Жер учаскелерін өңдеу мақсатында жеке меншік тракторларымен немесе жалға алған тракторларымен көрсетілген қызмет үшін-250 теңге;
в) Ұрық (тұқым) және отырғызбалы көшеттер сататындар үшін – 100 теңге.
3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 33-7 “Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы”(19.01.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-45,“Абай елі” № 2(010) 15-31 қаңтар, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы М. Әубәкірұлы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы
Бюджетпен бір күндік талон алу арқылы есеп айырысатын жеке тұлғалар үшін ұсынылған бір күндік алым ставкалары туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 3-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қаңтарда N 5-5-65 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14-6 шешімімен
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз