Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2008.12.25 N 10-4 шешімімен.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылғы № 209-ІІ “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” салық Кодексінің 394-бабына сәйкес бір бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың жылдық ставкасы 2008 жылға 35 (отыз бес) еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 33-8 “Бір бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың ставкасының мөлшері туралы” (19.01.2007 жылғы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5-5-46,“Абай елі” № 2 (010) 15-31 қаңтар, 2007 жылғы) шешімнің күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Абай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы: М.Әубәкірұлы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы: Т.Амангазы