Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар қағидасы және оларды қаржыландыру қағидасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 339 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қаңтарда N 5-5-71 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009.01.23 N 526 қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-ІІ Заңы 7-бабының 6)-тармақшасына және 5-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31- бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі қағида (қосымша № 1) және Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (қосымша № 2) бекітілсін.
      2. Осы қаулының қабылдануына байланысты аудан әкімдігінің 14 наурыз 2005 жылғы № 750 санды «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру қағидалары туралы» қаулысының (Мемлекеттік тіркеу № 2321 27.04.2005 жыл, «Абай ауылы» газетінде № 12-13 16-30.06.2005 жылы жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін.
      4.Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     
      Аудан әкімі:                                        Б.ҮЙСІМБАЕВ

Абай аудан әкімдігінің
2007 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 339 қаулысына
қосымша № 1

 «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
ҚАҒИДА

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

      1. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі қағида бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
      2. Осы қағида «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-11 Заңының 4579, 12 баптарына сәйкес әзірленді.
      3. Қағида бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер туғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі») жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
      «Жастар іс тәжірибесі» меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жұмыс берушімен» келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
      4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс - тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.

 2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ

      5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жастарды жұмыспен қамту облысында өңірдегі еңбек рыногіне жағдайды талдау негізінде «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
      Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
      1) оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
      3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектеріне жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
      6. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қаржылық - экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылар үшін потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
      Сонымен қоса «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
      7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Жұмыспен қамту орталығы» «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:
      1) жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» есепте тұрады;
      2)қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
      3)жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
      «Жастар іс тәжірибесіне» тек қана жұмыссыздың келісімімен 6 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
      8. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
      9. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» келісім-шарт жасайды.
      Келісім - шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, «Жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
      10. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жасасқан келісім-шартқа сәйкес «Жастар іс - тәжірибесі» белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді. «Жұмыспен қамту орталығымен» жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды.«Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» келісім - шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
      12. «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      13. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
      14. «Жұмыс берушінің» ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ақпарат береді.
      Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының  «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
      Жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысуының доғарылуы жөнінде шешім қабылдауға болады, ол туралы «Жұмыс берушіні» және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
      15. Келісім-шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорыннан жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      16. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Жастар іс-тәжірибесіне» қатысушының еңбек-келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      17. «Жұмыс беруші» шарт мерзімінің аяқталуы бойынша оған қатысушының «Жастар іс-тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.
      18. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса «Жастар іс-тәжірибесінің» аяқталуы бойынша жұмыссыз жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» есептен шығарады.

 3. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      19. «Жастар іс-тәжірибесін» қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүргізіледі.
      21. «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
      1) толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы;
      2) толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,5 ең төменгі жалақы.
      22. «Жұмыс беруші» «Жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
      23. «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушылардың еңбек төлемі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
      24. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Абай аудан әкімдігінің
2007 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 339 қаулысына
қосымша № 2

 Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

      1. Осы Қағидалар жұмыссыздарды және халықтың мақсатты топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу жүйесін реттейді.
      2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
      - әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
      - мақсатты топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
      3. Осы қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13),14)-тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 45-баптарына сәйкес әзірленді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.

 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА
ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орынға алынған азаматтардың еңбек ақысы шығынын облыс бюджетінен бөлшемді өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
      6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған мақсатты топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде (одан әрі «жұмыспен қамту орталықтарынан») уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мақсатты топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға жұмыспен қамту орталықтары іріктеу жүргізеді.
      9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту орталығымен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.

 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
      12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде облыстық бюджет қаражаттарынан ең төменгі бір жалақы мөлшерінде мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
      Мақсатты топтан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына мақсатты топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орнына мақсатты топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
      15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен мақсатты топтағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін қаралған бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.

 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

      16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
      
      
      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы:                                  С. Татиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады